Алтынай Жорабаеваға «арнайы сыйлық» берген Бас мүфти сөзге ілікті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашардан соң, Алтынай Жорабаеваны есік алдында күтіп, «арнайы сыйлық» берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ораз Әлімбеков фейсбуктегі парақшасында жазды.
Әлеуметтік желіге сыйлық беріп жатқан сәттегі видео да тарады.
«О-о, машаллах» деді әнші.
Кеше мүфтият Астанада өткен ауызашарға қатысқан әркімнің қолына бір пакеттен сыйлық ұстатып жіберген. Әнші Алтынай Жорабаева ауызашардан жұрт секілді бір пакет емес, екі пакет ұстап шықты. «Бұл аз ғой...» деп ойласа керек, Бас мүфти Наурызбай Өтпенов Алтынайдың мейрамханадан шығуын күтіп есік алдындағы көлігінің қасында тапжылмай тұрды. Есік алдына шыққан әншіні көре сала Бас мүфти көлігінен «арнайы сыйлықты» алып шықты. Ыржалақтап күлімсіреген «дінбасы» сыйлықты Алтынайға берді. Әнші «...о-о, машаллах,... Алла риза болсын...» деп өзінің ризашылығын білдірді", деп жазды.
"Наурызбайдың не үшін дәл осы Алтынайды жағалап жүргенінің бір ғана себебі бар, бірақ оны көпшілікке айта алмаймын", "Тапқан екенсіңдер сыйлық беретін адамды", "Жақсы пост екен! Бір күліп алдым! Біздің мүфти өте қызық екен!", деп жазды оқырмандар.