Алтын жүректілер марапатталады

«Алтын жүрек» сыйлығы биыл бес жылдығын атап өтпек. Бүгінге дейін қазақтың атымтайжомарттарын марапаттап келген жобаның Қазақстан түгіл, Орталық Азия аумағында баламасы жоқ екенін айта кеткен жөн. Тәуелсіз елдің 20 жылдығымен сәйкес келген «Алтын жүрек» сыйлығының бесжылдық мерейтойына орай «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» жаңа марапаттау аталымының тұсауын кесті.
Осы аталым бойынша сыйлық Қа­зақ­стан аумағында қайырымдылықпен айна­лысатын шетелдік азаматқа берілетін бола­ды. Атымтайжомарттар мен кең пейіл жан­дар­ды марапаттау, қоғам атынан алғыс айтуды мақсат тұтқан жоба бес жыл ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс жасағаны көпшілікке мәлім. Бес жыл көле­мін­де жасалған қайырымдылық жұмыстар­ға сараптама жасаған «алтынжүректіктер» орта және шағын компаниялар жетімдер мен мүгедек жандарға, спорт және меди­цинаға көбірек көңіл бөледі деп есептейді. Ал ірі компаниялар мен ұлттық корпорация­лардың дені саяси партияларға көмектесу­мен қатар, жол жөндеу мен мекеме салуға ынта танытыпты. Өткен төрт жыл көлемінде «Жетім балаларға көмектескен қамқорлығы үшін», «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мүгедек жандарға көрсеткен қам­қорлығы үшін», «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін», «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін», «Жыл меценаты», «Ақпарат­тық қолдаушы», «Жылдың қайырымды адамы», «Жыл ұйымы», «Өнер мен қайы­рым­дылық» тәрізді 10 аталым өзгеріссіз келсе, биылдан бастап қосылған «Қазақ­станның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» аталымы қазақ жерінде жақсылық жасауға ынталы шетелдік азаматтардың санын арттырып, елдегі мұқтаж жандардың санын қысқартады деп сенеді шараны ұйымдасты­рушылар. Жыл сайын «Алтын жүрек» сыйлығынан үміткерлер саны артып келеді. Мәселен, алғашқы жылы 70 өтініш қабыл­дан­са, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш (90, 110, 150 өтініш) еселей өскен. Осы жылы құжаттардың саны 200-ге барып бір-ақ жығылыпты. Алайда кейбір үміткерлердің құжаты толық болмағандықтан, сарапшы­лар кеңестің алдына 150 үміткердің құжа­тын ұсынған.
Алдыңғы жылы қатысушылардың көбі еліміздің шығысынан болса, биыл Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысы жомарт та қайырымды жандар санымен мақтана алады.
Жұлдыз ОМАРБЕКОВА, «Алтын жүрек» сыйлығын ұйымдастыру комитетінің төрайымы:
– Біздің ең басты мақсатымыз – қайы­рымдылық істеуші адамдар мен ұйымдар арасында бәсеке туғызу, қалталы да мүмкіндігі мол азаматтарды мағыналы да мәнді іске тарту. Ауылын­дағы қарапайым азаматтың «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымын алғанын көрген ауқатты бір кісі «мен де бұл сыйлыққа ие боламын» деп жаңадан үлкен етіп мектеп салғызыпты. «Алтын жүрек» сыйлығына тек қалталы азаматтар ғана емес, қолынан іс келетін, жақсылық жасаудан танбайтын кез келген адам ие бола алады.
Асылы ОСМАН, «Алтын жүрек» қоғамдық кеңесінің мүшесі:
– «Алтын жүрек» сыйлығы – ақшаға байланысты берілмейді, жүрегі кең, яғни алтын жүректі азаматтарға лайық сыйлық. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі сондай. Қонағын Құдайдай сыйлайды. Астындағы жалғыз атын сойып беріп қарап отырады. Бауырмал­дық, көпшілдік, қайырымдылық тәрізді қасиеттер қазақ бойында баяғыдан өмір сүріп келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста