«Алтын тұғыр» әдебиет жүлдесі үшін байқау жарияланды

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауыл» партиясы мен «Қазконтент» АҚ-ның «Әдебиет порталы» жас ақын-жазушылар арасында «Ауылым - алтын тұғырым» атты әдеби онлайн-байқау ұйымдастырып отыр.

Байқаудың басты мақсаты - жас талапкерлер арасында ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу, ауыл құндылықтарын насихаттау, жас қаламгерлер, ақындар мен жазушыларды қолдау және олардың шығармашылығын дамыту.

Байқауға 14 пен 45 жас аралығындағы кез келген қаламгер өз шығармасын ұсына алады. Үміткерлердің шығармалары мен жеке мәліметтері «Әдебиет порталында» көрсетіледі және олар «Шығарманы енгізу» батырмасы арқылы орналастырылады. Әрбір қатысушының жеке парақшасында жарияланған шығармаларға порталға тіркелген қолданушылар жұлдызшалар арқылы дауыс бере алады. Конкурс соңында әр номинация бойынша комиссия мүшелері қатысушыларды жеке-жеке бағалайды.

Байқауға қатысу үшін шығармалар онлайн түрінде «Әдебиет порталында» 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін орналастырылуы тиіс. Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды. Ұсынылған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы шарт. Үміткер ұсынатын еңбегін порталда онлайн арқылы жариялай алады, сонымен қатар «Әдебиет порталының» электронды поштасы: adebiportal@gmail.com-ға тікелей жолдай алады.

Айта кетейік, байқауға шығармалар үш аталым бойынша: проза, поэзия, драматургия жанрлары бойынша қабылданады. «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть) аталымы бойынша 1-орынға 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге беріледі. Қалған екі аталым, яғни «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма) мен «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия» аталымдары бойынша да дәл осындай жүлде қоры бекітілген. Сондай-ақ, үш номинация бойынша бірінші орын алған жеңімпаздардың арасындағы үздік қаламгерге «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі табыс етілетін болады.

Байқауға қатысушылардың шығармаларын проза бойынша Рахымжан Отарбаев, Мархабат Байғұт және Ербол Бейілхан, поэзияда Талғат Ешенұлы, Ерқожа Әлқожаұлы, Бауыржан Қарағызұлы және драматургия бойынша Жабал Ерғалиев, Жолтай Әлмаш, Роза Мұқанова сынды қазақ әдебиетінің беделді өкілдері сын тезінен өткізеді.

Конкурс қорытындысы 2016 жылы 3 желтоқсанда шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау 2016 жылы 7 желтоқсанда өтеді. 

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста