«Алтын қаламның» алғашқы иегерлері анықталды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Әдебиет пен мәдениетті мемлекеттің қас-қабағына ғана қаратып, қоржынынан дәметтіріп қою шарт емес. Біз осыны ендігіде әлдеқайда жақсырақ түсіне бастағандаймыз. Тәуелсіз «Тарлан», «Алаш» әдеби сыйлықтарының пайда болуы соның алғашқы белгілері еді. Сондай-ақ осы көктемде Қуат Домбай, Досым Сәтпаев, Расул Жұмалы, Ербол Жұмағұлов сынды қоғамның әр саласында елге қызмет етіп жүрген азаматтар өздерінің қазақ әдебиетінің болашағына бей-жай қарай алмайтындықтарын білдіріп, «Алтын қалам» атты әдеби жүлдеге байқау жариялаған болатын. Қарашаның алғашқы аптасы аяқтала бере осы байқаудың жүлдегерлері де анықталды. Әдеттегідей жиналыс түріндегі ресми қалыпта емес, марапаттау рәсімі авторлар мен оқырмандардың етене араласуына қолайлы әуенді, көңілді кеш түрінде өтті.
Бір қызығы, алғашқы жыл болғандықтан жас шамасына шектеу қойылмаған еді, сол себепті бұл байқауға қатысқандардың ең жасы 16-да болса, ең үлкені 85 жаста бол­ды. Ал www.arzu.kz сайтына 75 автордан 92 шы­ғарма келіп түскен. Алғашқы кезеңде ең көп оқылған шығармалар іріктелсе, екін­ші­сінде оны арнайы ридерлік топ оқып, әділ қазыларға ұсынды. Ал қазылар ал­қа­сы­ның төрағасы Қуат Домбай болса, құ­ра­мын­да режиссер Болат Атабаев, сая­сат­та­ну­шы Досым Сәтпаев, «Эксклюзив» жур­на­лы­ның редакторы Расул Жұмалы, ADAM readers журналының продюсері Жоңғар Қас­теев, «АйтПарк» пікірсайыс клубының мо­де­ра­то­ры Нұрлан Ерімбетов, Аrzu.kz ин­тернет пор­талының бас ре­дакторы Кенже Жұ­­ман­ұлы болды. Жалпы, әдеби жүлденің қар­­жылай де­меушісі – GSM Қазақстан KCELL ұя­лы байланыс операторы.

Сонымен «Алтын қалам» әдеби жүлдесі мына авторларға бұйырды:
«Жылдың үздік поэзиясы»
«Сені сүю» – Ақберен Елгезек (жеңімпаз)
«Тастағы өлең» – Бақытжан Алдияр
«Мына әлемге керек ауа» – Танакөз Ілиясова
«Соқыр аккордеоншы» – Серік Сағынтай
«Жылдың үздік прозасы»
«Көш» (әфсана) – Думан Рамазан (жеңімпаз)
«Тозақта өткен бір түн» (фантастикалық повесть) – Оралбек Бекболат
«Түнекке жұтылған түнгі оттар» – Заря Жұманова
«Пошташы Жайлыбай немесе ән дауылы соққан кеш» – Ерекен Қорабаев
«Кие» – Бақытгүл Бабаш
«Жылдың үздік балалар шығармасы»
«Әдеп» – Қалқаман Сарин (жеңімпаз)
«Болмаған балалық шақ» – Ақберен Елгезек
«Әліппе, өлең жаздым 42 әріпке» Дәркен Манабаев
«Жылдың үздік драматургиясы»
«Қанды азу» – Байғали Есенәлиев (жеңімпаз)
«Мінездеме» – Беркін Әкебаев
«Қадыр түні» – Мәдина Омарова

Байқаудың «Жылдың үздік іскерлік жә­не ғылыми еңбегі» аталымына келіп түскен бес еңбектің ешқайсысы да жүлдеге лайық деп танылмапты. Есесіне, Қытай түр­ме­ле­рінде 40 жылдай отырып «Қылмыс» атты ал­ты томға жүк болған роман жазып шық­қан Қажығұмар Шабданұлы арнайы «Қазақ әде­биетіне қосқан үлесі үшін» деген но­ми­нация бойынша марапатталды. Бұл ав­тор­дың туған жеріндегі алғашқы әдеби сый­лы­ғы екен.
Айта кетерлігі ақтық мәреге шыққан ав­тор­лардың туындылары түгелімен «Алтын қа­лам» жинағына енгізіледі. Ол Тәуел­сіз­ді­гі­міздің 20 жылдығына орай желтоқсан айында жарық көрмек. Бірақ көпке түсініксіз жайт әуелден-ақ ұйым­да­с­ты­рушылар уәде еткен «Алтын қалам» мүсінінің берілмей қал­ғандығы.
Әлия Бөпежанова, сыншы:
– Мемлекеттік сыйлықтың орны бір бө­лек те, сонымен қатар қоғамдық сый­лық­тардың да беделі жоғарылауы керек. Се­бебі ол қоғамның ашықтығы мен сер­гек­тігін білдіреді. Қоғамдық ұйым­дар­дың сыйлығы – халықтың бағасы деген сөз. Мұндай сыйлық әр салада бар, мә­селен «Алтын жұлдыз», «Алтын жүрек». Ен­ді әдебиет пен өнерге де «Алтын қа­лам» сыйлығы пайда болды. Жақсы бас­тама аяқсыз қалмай, жыл сайын жал­ғасын тапса деймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста