«Алтын қалам» кімге бұйрады?

Өткен жылы бастау алған «Алтын қалам» әдеби жүлдесі үшін болатын шығармашылық тартыс биыл да жалғасын тауып отыр.
Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық әде­биет­тің терең тамыр жаюына септігін тигізетін бұл байқаудың басты мақсаты – Қазақ елі­нің түкпір-түкпіріндегі талантты авторларды тауып, олардың жаңа туындыларын қалың жұрт­шылыққа паш ету. «Алтын қалам» бай­қауға ұсынылған шығармалар «Жыл­дың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік про­засы», «Жылдың үздік балалар шығар­ма­сы», «Дра­ма­тургия», «Жылдың үздік іскер­лік және ғылыми еңбегі» сынды аталымдар бойынша қабылданады. Сонымен қатар «Қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі үшін» арнайы сыйлық тағайындалмақ. Жүлдеден үміткер қалам иелері өз шығармаларын не­месе сауал­дарын Ұйымдастыру коми­тетіне info@arzu.kz немесе kenze2002@mail.ru элек­трон­дық мекенжайына жолдай ала­ды. Бай­қау барысымен www.arzu.kz деп аталатын жо­баның ресми сайты ар­қылы танысып оты­руға болады.
Кенже Жұманұлы, «Эксклюзив» жур­на­лының редакторы:
–    Биыл екінші рет өткелі отырған бай­қаудың ерекшелігі – оған тек қазақ­тілді авторлар ғана емес, орыс тілінде жазатын қаламгерлер де қатыса алады. Сонымен қатар байқауда белгілі қалам­герлермен қоса, оқырмандар да дауыс беріп, атсалысатын болады. Сондықтан жеңімпаздарды анықтайтын да, негі­зі­нен, оқырманның өзі.

Өз кезегінде сайт оқырмандары әдеби жүл­деге қатысып жатқан барлық шығар­маны оқып қана қоймай, өз пікірлерін де біл­діре алады. Үздік туындыларды ірік­те­ген­де оқырман дауысы өте маңызды. Бәй­геге қатысатын үміткерлердің маман­ды­ғына, жасына, мекенжайына ешқандай шектеу қойылмайды. Тек Қазақстан аза­ма­ты немесе қазақ әдебиетіне қатысы болса, жеткілікті. Сондай-ақ жеңімпаз атанған шы­ғармалар «Алтын қалам» кітабының екінші жинағына енетін болады. Байқаудың басты шарты бойынша үміткерлердің шы­ғар­малары ар­найы интернет-сайтта жа­рияланып, онда ав­торы көрсетілмейтін болады. Демек, талантты тану барысында әдеттегідей автор­ға емес, тек белгілі бір шығармаға ғана дауыс беріледі. Ұйым­дас­тырушылар тарапы жүл­дегерлерді осы әдіс арқылы анықтау байқаудың әділ өтуіне жағ­дай жасамақ деп сендіруде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста