«Алтын қайық» иесін тапты

Атырауда биылдан бастап бейнелеу өнерінде өзіндік дара қолтаңбасы бар өнердегі бірегей тұлғаға арналған «Алтын қайық» арнайы жүлдесін табыс ету дәстүрге енді.
Көне Алтын орда, Сарайшықтың тари­хын жетік білетін жандар Жәнібек ханның сүйікті қызына арнап жасатқан «Алтын қайық» аңызының желісін де білуі тиіс.
Талай жылдан бері айтылып келетін аңызда: «Жәнібек хан қызына арнап жа­сан­ды көл жасатып, оның айналасына же­міс-жидек ағаштар егіп, сол маңайды кө­рер көз тоймас әсем табиғатқа айнал­дыр­ған, сол жасанды көлге ханның қызы алтын қайығымен серуенге шығады екен. Хан көл суын ауыстырған сайын су бетіне шекер септіреді екен және оған аққу мен қаз қонады. Сол көлді халық «Шекеркөл» деп атаған» деп айтылады.
Бейнелеу өнеріндегі тұлғаға арналған арнайы жүлде де – осы аңызға байланыс­тырылған арнайы жоба. Жобаны жүзеге асырушы «Ақ желкен» шығармашылық орталығының директоры Нұрберген Дәу­ле­тов­тің айтуынша, «Алтын қайық» номи­нациясы жыл қорытындысы бойынша қазақ өнерін шыңға көтерген, шынайы шабыты­мен жұртшылықты мойындатқан өнер тұлғасына табыс етілетін болады.
«Алтын қайық» статуэткасының сипат­тамасын айтсақ, 22 карат саф алтынмен апталған қайық платиналық тұғырнамаға орнатылған. Қытай елінде дайындалған статуэтканың авторы – мүсінші Серік Мәте­ниязов.
Биыл алғаш рет табыс еткелі отырған «Алтын қайық» арнайы жүлдесі Атырау өңіріндегі 80 суретшінің арасында өткен конкурста ең үздік шыққан хас талантқа табыс етілетіні мәлім болды. Осы жүлдеге лайықты жанды «Ақ желкен» шығарма­шылық орталығы жанындағы Атырау өңірі суретшілерінің комиссиясы таңдаған.
Салтанатты шарада ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нариман Үлкенбаев тұңғыш рет табыс етіліп отырған «Алтын қайық» номинациясының дипломы мен статуэтка­сын, ақшалай сыйлығы мен куәлігін үздік туындысымен көзге түскен суретші Исім Арыстановқа табыс етті.
Айтарлығы, өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша, атыраулық бейнелеу өне­рінің өнер тұлғасына арналған номинация биылғы жылдан бастап аймақтық деңгейге ие болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста