Астанада аламан айтыс басталды. Жылда желтоқсан айында өтетін «Алтын домбыра» айтысы биыл «Мәңгілік ел – мұратым» деген тақырыпта өтіп отыр. Жылда іріктеліп, санаулы ғана ақындар қатысатын жыр додасына биыл 22 ақын қатысуда. Желтоқсанның 5-6 күндері өтетін айтыс жеңімпазы алтын домбырамен бірге ақшалай сыйлыққа ие болады.
Айтыстың алғашқы жұбы ретінде қызылордалық Нұрмат Мансұров пен Алматы облысынан келген Оразбай Болатбек айтысты. Болатбек үлкен айтысқа алғашқы рет шығып отыр. Марқұм Оразалы Досбосыновтан тәлім алған ақын.
Аудиожазбасы:
Айбек Қалиев Арқалық Айнұр Тұрсынбаева Астана