Алматыда 23 млн теігеге тұрғызылған алып тиін бұзылады

«Алматыда Атакенттегі алып тиін бұзылады» деп хабарлайды қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмашев.

Басқарма басшысының түсіндіруінше, тиінді өртейміз деген шешім бұрыннан болған. Бірақ өртелмеді. Енді аудан әкіміне арт нысанды бұзу туралы тапсырма беріліпті.

«Жалпы жартылай қираған, эстетикалық түрін жоғалтқан барлық шағын архитектуралық пішіндер бұзылады. Бұл қала әкімінің тікелей тапсырмасы. Жақында көптеген арт нысанның, кіші архитектуралық пішіндердің аудиті жасалды. Қаланың келбетіне нұқсан келтіретін нысандар суретке түсірілді», - деді Эрнар Құрмашев.

Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, алдағы уақытта қаладағы әрбір арт нысанды орнатарда көркемдік кеңес шақырылатын болады.

Дәл осыған ұқсас алып тиін 60-70 жылдары Францияда қойылған.

«Оның плагиат нұсқасын Алматыда қою не үшін қажет болды? Бізде өзіндік ойы бар, дүниежүзі мойындаған керемет мүсінші, суретшілер бар. 9 ай мерзімге қойылған уақытша мүсіннің орнына сол ақшаға қоладан соғылған, даналарымызға арналған екі ескерткішті қоюға болатын еді» деген пікір сарапшылар тарапынан жиі айтылған.

Олардың пайымдауынша, кейбіреулердің плагиат нұсқасы Қазақстанды дүниежүзіне танытамыз деу саяси сауатсыздық, ештеңеден ұтылған жоқпыз деуі – қателік. Тарихта өзіндік орны бар, ұлттың бет-бейнесін көрсететін мүсін емес, мағынасыз көшірмелерді қою ұлттың өз образының жоқтығын көрсетеді.

Осыған дейін Республика сарайы маңындағы саябаққа Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні қойылған болатын. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен қоғам қайраткерлері қатысты.

«Қай жерде жүрсек те, Шәмші ағамыз жүрегімізде жүреді. Шәмші ағамыз өзінің әндерімен әр шаңырақты тербетіп ғана қойған жоқ. Шәмші аға өзінің әндерімен бүткіл қазақ елін тербетті. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін Халық әртісі атағын алды. Ал бірақ өзінің сүйікті халқы өзінің атағын одан әлдеқайда бұрын беріп қойған», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Ал ескерткішке келер болсақ, оны бес мүсінші бірігіп дайындапты. Эскизді дайындауға екі аптадай уақыт кетсе, ал толық бітіруге 2 ай уақыт сарп еткен. Сөздерінше, ауа-райының тосын мінезіне мінсіз төтеп беретін қоладан жасалып, астына гранит төселген. Мүсіннің биіктігі 1,5 метр, ұзындығы 3 метрге жуықтайды. Ескерткіште сазгердің терең ойға шомылып, шығармашылық толғаныста отырғаны бейнелеген.

Қазақстандық мүсіншілердің тең жартысы қатысқан байқауда түрлі эксиздер ұсынылған. Оның ішінде Шәмші Қалдаяқовтың пианинода ойнағаны, домбыра тартқан сәті де бейнеленіпті.

«Халық келіп, суретке түсу үшін, әр адамның жанында отырғандай бейнеде жасадық. 3-4 нұсқа болған, соның ішінен осы орындықты таңдады. Ескерткіш саябақта болғандықтан, ауқымды емес, осындай кішігірім етіп жасадық», – деді мүсінші Айдос Бүркітбаев.

Қала билігі Алматы көшелеріне алдағы уақытта Шәмші мен Шәкеннің ғана емес, өмірден өтіп кеткен алаш ардақтыларының мүсіні орнатылатынын айтып отыр. Олардың бәрі бизнес пен биліктің әріптестігі шеңберінде қаржыландырылады.

 egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста