Алматы Табылдыны еске алды

Алматы Табылдыны еске алды

Табылды Досымов. Иə, өздеріңе əбден таныс есім. Қазақтан шыққан тұңғыш бард ақын. Сазгер. Шығармашылығымен де жақсы таныссыңдар. Мысалы, «Ұнатамын мен сені», «Мен қазақпын», «Қазақ едім дегенше» деген əндерін сендер де жатқа білесіңдер ғой? Егер ақын ағаларың аман болғанында, 50-ге толар еді. Естеріңде болса, былтыр редакциямызға ақынның ұлы Абыл келіп, əкесінің өмірі мен өнері туралы естелігімен бөліскен. Əкесінің бір ерекше кешті армандап кеткенін де тілге тиек еткен еді. Əсіресе, өзі оқыған КазГУ-ын жақсы көргенін бəрі біледі. Мінекей, есімін ардақтаған жақындары ақынның кешін өткізуге дайындалып жатыр. 18 қараша күні Алматыдағы Студенттер сарайында «Мен қазақпын» атты еске алу кеші өтеді.

Табылды ағаларыңның жанашыр досы, Табылды Досымов атындағы қордың директоры, ақын Бижан Қалмағанбетов ағамыздан бұл кештің алдыңғы кештерден ерекшеліктері туралы сұрастырып едік.

Б.Қалмағанбетов: Табылды ағаларың 80-жылдары Алматыда, ҚазҰУ-да оқыды. Ол кісінің бір үлкен арманы осы ҚазҰУ-да жеке концертін өткізу еді. Ол тілегі өзінің көзі тірісінде орындалмады, əттең. Біз сол арман-аманатын туғанына 50 жыл толғанына орайластырып өткізуді жөн көрдік. Бір жағы қазақтың зиялы қауымы, Табылдың курстастары, ұстаздары, достары Алматыда ғой. 50 жылдық кешінде Табылды сағынған сол жандардың басын қоссақ деген ниет бар. Негізі, Алматыдан өзге өңірлерде – Ақтөбе, Қарағандыда ұйымдастырдық. 2014 жылы Қытайдағы Үрімжі мен Құлжа қалаларында да Табылдыны еске алу кешін өткіздік. Сол кездегі қытай еліндегі қазақтардың ықыласын көрсеңіздер ғой?! Табылдының жырларын көздеріне жас алып, тікелерінен тік тұрып тыңдады. Жалпы, «Ұланды» оқитын балаларыма айтарым, Табылдының өлеңін жаттап өссеңдер, ұлтан емес, сұлтан боласыңдар.

Кеш қонақтары кімдер?

Кешке еліміздің бірталай өнерпаздары қатысады. Атап айтсақ, өзінің көзі тірісінде сыйласқан досы Қорабай Есенов ағамыз да бар. Елена Əбдіхалықова, Қадырғали Көбентай, Қанат пен Света Айтбаевтар, «Жігіттер» квартеті қатысады. Табылдының ұлы Абыл Аяш та əкесінің шығармаларын орындап шығады. Театр актерлары өлеңдерін оқиды.

Бұл кештің бұрынғы кештерден ерекшелігі, бəрі де Табылдының əндерін орындайды. Осы күнге дейін елге таралмаған, бұрын-соңды көпшілік естімеген əндері де арнайы əзірленіп жатыр. Бұл кешіміздің тағы бір ерекшелігі, алтын қорда сақтаулы тұрған Табылдың өз дауысын да ести аласыңдар. Өзінің өлең оқыған, əн орындаған бейнесюжетін таптық, соның бəрін кеш барысында көрермен назарына ұсынамыз.

Қарлығаш ДОСАНОВА

«Ұлан» газеті 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста