Алмагүлдің «Жібек жолы»

«Мәдени Азиада» аясында Алматы қаласындағы «Тәңір-Ұмай» галереясында Алмагүл Меңлібаеваның “Саған деген менің жібек жолым” атты жеке көрмесі көрсетіліп жатыр.
Алмагүл Меңлібаеваның фото­сурет­те­рінде Орта Азия аумағында айналып жү­ре­тін, бастауы әртүрлі мәдени және рухани дәс­­түрлер арасындағы шекаралардың қоз­­­ғалысы суреттеледі. Ол әрқашан өз жұ­мыс­тарын ха­лық­ара­лық сахнаға қояды. Ба­тыс пен Қазақстанда бір­­дей уақыт өт­кі­зіп, суреттерін көбіне шет ай­­мақтарда тү­сі­реді екен. Қазақстанда туып, Қазақ мем­лекеттік театр және көркемсурет ин­с­ти­ту­тын (қазіргі Ұлттық өнер ака­демиясы) тә­мам­дады. Одан кейін Берлин мен Ал­ма­ты­да тұрып, жұмыс істейді. «Тар­лан» мен «Да­рын» сыйлықтарының иегері.
Ал­магүл Меңлібаева көптеген ірі ха­лық­ара­лық көрмелерге, оның ішінде 51-інші, 52-інші, 53-інші Венециан биен­нале­сі­не (2005, 2007, 2009); Сиднейлік биен­на­леге (2006); Обернхаузен кинофестива­лі­не (2009, 2010); Квинстің көркем мұ­ра­жай­ын­дағы Tarjama/Translation (2009) мен Гер­берт Джонсон мұражайына (2010); Ос­лодағы Стенерсен мұражайындағы Off the Beaten Path, Women, Art, and Violence атты жыл­жымалы көрмеге (2009), Кали­фо­р­ния­лық университетке (2009), Мек­си­ка­да­ғы El Cubo-Tijuana мәдени орта­лы­ғына (2010) т.б. қатысты. Қазіргі кезде оның жұ­мыстары Квинслендегі Ұлттық австра­лия­лық көркем галереядағы «ХХІ ға­сыр: Бірінші онкүндіктің өнері» атты ірі көр­ме­ге қойылған. Ол Шарджадағы биен­на­леге қатысуға шақырылған (2011 жыл­дың наурыз-мамыр айлары). 2011 жыл­дың 24 нау­рызынан 14 мамырға дейін оның тұ­рақ­­ты серіктесі Priska C. Juschka Fine Art нью-йорктік галереяда жеке көрмесі жос­­­пар­ланған. Алмагүл Меңлібаеваның жұ­­­мыс­тары Ә.Қастеев атындағы Мем­ле­кет­­тік өнер мұражайы (Қазақстан), Фи­ла­дель­­фия­лық көркем мұражай (АҚШ), Ан­твер­­­пен­дік қазіргі заман өнер мұражайы (Бель­­гия), Квинсленд Ұлттық көркем га­ле­рея­­сы (Авс­тралия) топтамасы үшін сатып алын­ды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста