«Алланың нұры шайсын қабіріңді...»

Қазақ жырының кең тынысты жампоздарының бірі Қайрат Жұмағалиев дүниеден өтті. Ол, өзі айтпақшы, ғажап ырғақ тауып, көктегі жұлдызбен бірге аққан, соғыстың жарасын жазып, көздегі жасты құрғатқан, сананың тыңын қопарып, өгейсіген құм-шөлге өмірді сүйреп апарған... буынның бел баласы болатын. Өзі асқақ үнмен жырға қосқан замандастары сияқты ол да арманымен тел өсті, келер күнмен теңесті, космоспен кеңесті, ақылға жарлы емес-ті... 

Қазақтың қабырғалы қаламгері Қали­жан Бекхожин өткен ғасырдың 60-жыл­дарының басында есімі елге әлі таныла қой­ма­ған жас ақын Қайраттың газетте жа­рия­ланған:

Көктем, көктем! 
Нұрлы күннен нәр алдың.
Күллі әлемге шұғыла боп таралдың.
Суық қыстың жүрегінен қалайша,
Сен өмірге шуақ болып жаралдың?!

– деген өлең жолдарын оқып ерекше толқы­ған және «Жас Қайраттың көктемі көптеген кәрі-жас ақын жырлағандай, мамыра­жай, сылбыр көктемге ұқсамайды, құзар шыңды жарып, суық қыстың жүрегінен қай­нап шыққан көктем болып бейнеленген» деп әділ бағасын берген. Қарап тұрсақ, бір ғана өлеңге байланысты айтылған осы пікір Қайрат Жұмағалиев поэзиясының бүкіл қадір-қасиетін, салмағын мейлінше тұжы­рым­дап тұр. Өйткені Қайрат ақынның жыр­лары шын мәнісінде уақыт тынысынан, замана төсінен қайнап шыққан қуатты сөз іспетті әсер береді. Қ.Бекхожин пікіріне жүгінсек, әлеуметтік, өршіл әуендері де бе­рік бағдардағы азамат жыршы екендігі Қай­рат­тың сол тұңғыш жырларынан-ақ аңға­рыл­ған болатын.  

Өмірді жүрген жоқпыз сүйіп бекер,
Әр күні арманыңды биіктетер!
Көңіліңде жарқ еткен бір-ақ сәтке 
Құдіретті келешек сыйып кетер.
Бақытын сыйлап тұрып адамзатқа,
Тіршілік азабын да сүйікті етер!

– деп, бір шумақпен-ақ бүкіл ақындық кредосын, аза­маттық бағдарын әйгілеген Қайрат ақын­ның бүкіл саналы ғұмыры арман-талап­пен, ізденіспен, тынымсыз еңбекпен өтті. Оның дәлелі – қаламгердің артында қалған мол мұрасы: оқырман жүрегіне жол тапқан інжу-маржандай өлеңдері мен балладалары, поэма, дастандары, аударма еңбектері.  
Мұның сыртында Қайрат Жұмағалиевтің өлеңдеріне қазақ композиторлары бірнеше ән де жазған. Оның ішінде Е.Рахмадиевтің – «Шабыт», «Батыр қыз Жадыра», «Қоңыр күз», «Жадырай түсші, Жанерке» атты ро­манс­тары, Ғ.Жұбанованың – «Арысым», Н.Тілендиевтің – «Жайлаудағы жеңешем», М.Маңғытаевтың – «Тың төсінде», Ә.Бей­сеуов­тің – «Армысыңдар, ардагерлер!», Е.Хасанғалиевтің – «Келеміз бірге», М.Ома­ровтың «Анашым»  әндері секілді басқа да көптеген дүние бар. Ақынның бірқа­тар кітаптары орыс тілінде жарық көрген, шығармалары ТМД елдерінің, сондай-ақ ағыл­шын, француз, араб, неміс, қытай, хин­ди, испан, поляк, болгар тілде­ріне аударыл­ған.
«Тұңғыш» атты тырнақалдысы осыдан 50 жыл бұрын жарық көрген майталман ақын содан бергі уақытта жарты ғасыр бойы ел-жұртын өлең-жырмен сусындатып, сөз өнерін жанына ұдайы серік еткен екен. Өзі өмірден озғанымен, халқының құлағына жаққан, жүрегіне қонған рухты жырлары ешқашан ұмытылмақ емес. Тағдырға не шара?! Ақынның өзі кезінде жырлағандай:

Бүгінде кәрі-жастың бәрі мұңды,
«Жарылқа» деп тілейміз Тәңірімді.
Болғай да алдың – пейіш, артың – кеніш,
Алланың нұры шайсын қабіріңді...

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста