Әлішер Кәрімовтің бұрынғы сүйіктісі әлемге әйгілі әншімен көңіл қосты
Британия журналистері Blue тобының экс-мүшесі Ли Райан қазақстандық сәнқой Диора Романовамен жүретінін жарыса жазып жатыр. Бұл туралы zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, Ли Райан мен Диора Алматы қаласында өткен "Менің үйім" фестивалі аясында танысқан. Осыдан кейін бұл жастарды бірге көргендер көп болыпты. Тіпті, жұлдызды жұп ағылшын жұлдызы- әнші Джон Ньюменнің үйіне қонаққа да барған екен. Ал ару жақында әншімен атастырылатынын да айтқан көрінеді.
Лир Райан Элтон Джонның жобасы-Blue тобының мүшесі ретінде танылған. Қазір 35 жастағы әртіс жеке ән айтып жүр.
22 жастағы қазақстандық сәнқой Диора Романованы қазақстандық БАҚ өкілдері Әлішер Кәрімовтің сүйіктісі ретінде таныған. Халық оларды күйеу жігіт пен қалыңдық деп таныса да, жұп тез айырылысып кеткен еді.
Кәрімов арумен ара-қатынасы шынайы болған десе, ару бұл жай PR жолдың бірі деп айтқан.