Әлішер Кәрімов, әнші: "Жаңа толқын – 2014" байқауында жеңетініме сенімдімін

Әлішер Кәрімов, әнші: "Жаңа толқын – 2014" байқауында жеңетініме сенімдімін

Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып «Шәйхана» әнімен халықты өзінің өнеріне тәнтті еткен Әлішер Кәрімовтің есімі бүгінде тек Қазақстанға ғана емес, шетелдіктерге де таныс. Ол осы уақытқа дейін біршама халықаралық ән байқауларына қатысып, өзінің еркше дауысымен талайды таңғалдырған. Биылғы жылы Әлішер еліміздің атынан 22-27 шілде аралығында Латвияның Юрмала қаласында өтетін «Жаңа толқын – 2014» халықаралық ән байқауына қатысқалы отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында әнші ресми түрде мәлімдеді. «Жаңа толқын – 2014» байқауына қатысушылардың іріктеу туры 18-19 сәуірде Мәскеу қаласында өткен болатын. Бұл байқауға біздің еліміздің бірнеше үміткер қатысуға ниет білдірген. Солардың ішінде байқауда бақ сынау бақыты Әлішерге бұйырыпты. Осы орайда баспасөз мәслихатында тілшілердің қойған сұрақтарына Әлішердің берген жауаптарын «Алаш айнасы» оқырмандарына ұсынып отырмыз.

– Әлішер, сіз 2008 жылы Юрмалада өтетін байқаудың ақтық сынына өтуге тырысқан едіңіз. Алайда сол кезде сізге сәттілік жетіспеген сияқты. Бұл жолы жартылай финалда отандастарыңыз Анастасия мен Зейнеп сынды қарсыластарыңызды артқа тастадыңыз. Қарсыластарыңызға финалға шығуға не кедергі болды деп ойлайсыз?
– Байқауға қатысуға ниет білдірген әншілердің ішінде дарынсыздары жоқ, бәрі өнерлі. Дегенмен бұл ірі байқау болғандықтан кейде бірімізге тәжірибе, бірімізге сәттілік жетпей жатады. Кейде бойымызды билеп алған қобалжуды баса алмай қаламыз. Осы жолы менің қарсыластарыма аздап тәжірибе жетіңкіремеген шығар деп ойлаймын. Жалпы әрнәрсенің өз уақыт бар.
– Өзіңізде қобалжу бар ма?
– Әрине, қобалжу бар, бірақ тәжірибелі әртіс сахнаға шыққанда қобалжуын баса білу керек.
– Сізге Қазақстанның өнерін әлемге танытуға тағы бір мүмкіндік беріліп отыр. «Жаңа толқын» байқауында қазылар алқасын, жалпы тыңдаушыларды қандай әндермен таңғалдырмақсыз?
– «Әлемдік хит» категориясында «Памяти Карузо» композициясын орындаймын. Ал «Ұлттық хит» және «Авторлық ән» категориялары бойыша қандай шығарма орындайтынымды әлі шешкен жоқпыз. Алда әлі уақыт бар. Сондықтан жақын күндері нақты репертуарды бекітеміз.
– Кейбір сарапшылардың айтуынша, сіз өз-өзіңізге қатты сенімді екенсіз. Осы сенімділік сізге халықаралық байқауда кедергі келтіруі мүмкін деседі...
– Мен «Жаңа толқын» байқауынан міндетті түрде жүлделі орын аламын деп айта алмаймын. Оны уақыт көрсетеді. Мен біреу үшін шеше алмаймын ғой. Әрине, жеңіске жетемін деп үміттенемін, өйткені мен өз-өзіме сенімдімін. Байқауға қатысу үшін әнші ең алдымен өзіне өзі сенімді болу керек деп есептеймін. Егер өзіме өзім сенімсіз болсам, несіне байқауға қатысамын.
– Байқауға қатысатын қарсыластарыңыз туралы не айтар едіңіз?
– Байқауға қатысушылардың арасында Ресейдің, Украинаның әншілері өте мықты. Олар байқауға жыл сайын қатысады, жүлделі орындарды да иеленетін негізінен солар. Әрине, оңайлықпен жеңіске жету мүмкін емес. Дегенмен мықтылармен неге бақ сынасып көрмеске? Меніңше, біздің елімізде де кез келген шетелдік әншімен тайталаса алатын дарын иелері жетерлік.
– «Жаңа толқын – 2014» халықаралық ән байқауының қазылар алқасының құрамында ерекше жүрексінетін адамың бар ма?
– Жоқ, қазылар алқасындағы әнші-сазгерлердің барлығы дерлік өзіме ұнайтын, шығармашылықтарын құрметтейтін адамдарым. Мысалы, Игорь Крутой, Филлип Киркоров, Ирина Дубцова, Лайма Вайкуле т.б өнер иелері нағыз дарынды бағалайтын адамдар деп есептеймін.
– «Жаңа толқын» байқауына қатысушылар өздерінің ерекше киіну стилімен, шаш қою үлгісімен немесе басқалардан өзгешерек биімен көрермендердің есінде қалып жатады. Мысалы, Нұржан Керменбаевтың дудар бас шашы есіңізде болар? Сіз көпшілікті қалай таңғалдырмақсыз?
– Әрине, бұл ірі халықаралық байқау болғанымен негізінен шоу ғой. Сондықтан сол шоудың режиссерлері қатысушылар бір-бірінен ерекшеленіп тұруы үшін кейбіреуінің имиджін өзгертіп, тағы біреуінің стилін өзгертіп жатады. Бірақ барлығын емес. Мен негізінен байқауда тыңдармандарымды вокалдық ерекшелігіммен таңғалдыруға тырысамын. Меніңше, ән байқауында ең алдымен вокалдық ерекшелікке бас назар аударған жөн. Киетін киімім классикалық үлгіде. Қазір америкалық дизайнер менің киетін бірнеше костюмімнің дизайнын әзірлеуде. Ол дизайнермен кездейсоқ танысып қалған едім. Бұрын ол кісінің тіккен киімін киіп көрмегем. Осы жолы алғаш рет сол дизайнердің қолынан шыққан киімді халықаралық байқауға киіп шықпақпын. Бұрын «Super star.kz» байқауына қатысқанымызда біздің шашымыздың үлгісін, не киетінімізге дейін стилистер шешетін, тіпті қасымызды теріп, бетімізді бояп жатса да ештеңе демедік. Өйткені тым жас едік қой. Олар бізден сыртқы бейнемізді қалай өзгертетіндерін сұрамайтын да. Ал қазір бәрі басқаша. Мен енді ешқашан қасымды тергізбеймін... (күлді)
– Ірі халықаралық байқауға қатысарда қандайда бір ырымдарға сенесіз бе?
– Мен ырымшыл адам емеспін. Сондықтан ешқашан ырымдарға мән бермейін.
– «Новая волна» байқауынан кейін шығармашылығызда басқа да қандай жоспарларыңыз бар?
– Жоспар көп. Болашақта поп жанрына опера элементтерін қосып бір композиция жасап көрмекпін. Негізінен алдағы үш айдағы жоспарым осы «Жаңа толқын» байқауымен тығыз байланысты. Сондықтан ары қарай уақыт көрсетеді.
– Киноға түсу ойыңызда жоқ па?
– Киноға түсу менің арманым. Бірақ әзірге киноға түсуге шақырту алған емеспін. Егер киноға түсуге шақырып жатса, жағымсыз кейіпкерді, тіпті қатігез, зұлым, айлакер адамның рөлін ойнағым келеді. Өйткені мен өзімді осындай кейіпте сынап көрсем деймін.
– Сұхбатыңызға рахмет! Сәттілік сізге серік болсын!

Керек дерек
• Әлішер Кәрімов 1985 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
• Ең алғаш сахнаға 5 жасында шығып, «Әнші балапан» байқауына қатысқан.
• Түркия, Болгария, Франция елдерінде өткен халықаралық байқауларға қатысқан.
• Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Люция Түлешованың «эстрадалық вокал» сыныбында оқыды.
• 2005 жылы «Super star.kz» байқауына қатысып екінші орынды иеленді.
• 2007 жылы Голлувудтағы «Орындаушылық өнердің дүниежүзілік чемпионатынан» 2 алтын, 1 күміс медальмен оралды.
• 2011 жылы Витебскідегі «Славян базары» фестивалінде жоғары деңгейде қөнер көрсетті.
• Таяуда Әлішердің «Шүкір» деп аталатын үшінші альбомы жарық көрді.
Латвияның Юрмала қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауы 2002 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. «Жаңа толқын» – Раймонд Паулс пен Игорь Крутойдың идеясынан туған жоба. Бұған дейін «Жаңа толқын» байқауына Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Айқын Төлепберген, Қайрат Түнтеков, RinGO тобы, ADAM, т.б әншілер Қазақстанның атынан өнер көрсеткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста