Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай елімізде Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туралы анимациялық фильм түсірілді. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров мәлімдеді.
«Бұл – анимациялық фильм. Фильмде батыр қыздарымыздың ерлігі мен отаны үшін қалай тер төгіп, соғысқаны көрсетіледі. Қазіргі таңда фильм өңделіп жатыр. Аталған анимациялық туындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы жүзеге асырып отыр» деді ол Астанадағы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Айта кетейік, бұл мультфильм көрермендерге 9 мамыр күні отандық телеарналардан көрсетіледі деп жоспралануда.