Әліби Жұмағұловқа клип арнаған Жан Ахмадиевтің өзі соққыға жығылды

Рэпер мидың шайқалуы және пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті деп хабарлайды Radiotochka сайты. Елді шулатқан "тоқал ісі" бойынша Әліби Жұмағұловқа арнап «Қазақпыз ғой» әнін жазған рэпердің суреті әлеуметтік желіге 5 тамыз күні кешке қарай пайда болған.
Жан Ахмадиев соққығы жығылған күні жайлы былай дейді. «Гараж бен үйдің арасы бар жоғы 60 метр. Жақын маңда дене бітімі келіскен 3 ер адам тұрған. Олар бірінші маған «Жан Ахмадиев!» деп дауыстады. Олардың мені түннің ішінде танығанына таңдандым. Өйткені айнала қараңғы еді. Сондықтан мені аулада біреу таныған екен деп ойладым. Олар менен темекі сұрады. Мен темекі шекпейтінімді айттым. Олардың біреуі ту сыртымнан келіп, аяғымен теуіп құлатты. Мен құлаған соң басымның оң жақ бөлігін қолыммен қалқаладым. Олар мені тебе бастады. Содан соң есімді жоғалттым. Сол екі ортада олар маған біреудің сәлемін жеткізгендерін айтты. Алайда нақты біреудің атын атаған жоқ. «Саған жіберген сәлемі» дей сала тіземнен жоғары екі рет пышақ сілтеді. Мен сол жерде жарты сағаттай жаттым, сосын тұрып үйге келдім. Дәрігерлер қанның ұюы және мидың шайқалуы деген диагноздар қойды» деп Жан Ахмадиев телефон арқылы жағдайды баяндаған.
Сондай-ақ рэпер сол әннен соң өзіне қарсы қорқытулар, бопсалаулар көбейгенін жасырмаған. Дегенмен әнші болған жайттың Әліби ісіне қатысы жоқ деп санайды.
 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста