"Әлі күнге дейін баспанасыз жүр": Композитор Қадырғали Көбентайға халық үй әперу үшін биліктен көмек сұрады

Бұл туралы Тортуыл Шоқан фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Қадырғали Көбентай көке, менің түгімді қалдырмай боқтасаңыз да, осыны жазуға бел будым!
Мына постымды оқып алып «Алып таста! Мен сенен осыны сұрадым ба?!» десеңізде алмаймын!
Бұдан кейін мені табалдырығыңыздан аттатырмасаңыз да ризамын!

Жә, Қазақ мәдениетіне, оның ішінде сазгерлік, театр, орындаушылық өнеріне сіңірген өшпес еңбегі бар Қадырғали көкем әлі күнге дейін баспанасыз жүр!

Үлкен қызы балет өнері үздігі!
Ұлы мықты ресторатор!
Кішкене қызы студент!
Қадағамның 3 баласы да болашақтарын шетелдер мен байланыстырған!
Себеп екібастан белгілі!

Жеңгем Рабиға үш жерде кезекпен қызмет етеді.
Жанұя кісі қолына қарап отырған жоқ!

Қадырғали ағаның бірбеткей мінезі баяғының— айтқанынан қайтпайтын батырлар мінезіне тән.
Намысын нанға сатпаған жан!
Бойындағы сазгерлік, әншілік, актёрлық қасиеті мен көрерменін тәнті еткен өнер иесі.
Үкімет есебінен иттің ұлы итақай үйлі болып жатқанын көріп отырса да, билікке жағынып—аяғына жығылмады.

Ішкі жалынын жүзграммда болатын жалын мен қайтарып—жатаханада жатып өлген сансыз ағаларының тірі ізбасары.
«Өлсем жалдамалы пәтерден шығам ба?» деген ой мазалайтыны анық.
Ия, «Осы уақытқа дейін үйі болмаған ба» деген заңды сұрақ туындайды.
Болған!
Осыдан 20 жыл бұрын жер үй салып тұрып жатқанда —көмек сұрап келген жақын туысына көмектесу үшін үйін беріп—жалдамалы пәтерге шыққан.
«Проблемамды шешіп алғасын үй алып беремін» деген туыстың сол күйі жолы болмаған.

7 млрд ақша жеп, Астана қаласының жарты нысандарын базары мен қоса басып қалған Арыстанбек пен Тұңғышбай текетіресінде ұстазы Тұқаң үшін соңына дейін тұрды.
Арыстанбек өз жақтастары мен бүкіл адм ресурстары пайдаланып тұқыртқанына қарсы жігітше тұрып берген-ді.

«Фонограмма мен ән айтатындарда мый болмайды.
Олардың мыйы орнында дыбыс жинайтын «губка» —резонатор орналасқан.
Демек, олардан ақыл сұраудың қажеті жоқ» деп ай ды аспанға бірақ шығарғаны тағы бар.

Осы қыркүйек айының 20 сы күні сағ 19.00 де «Алатау» дәстүрлі театрында Қадағамның авторлық кеші өтпек!
Концертке барайық, қолдайық, Ағайын!

Алматы қаласы Әкімі #Досаев қа;

ҚР мәдениет министірлігіне;

Астана қаласы Әкімі #Кулгиноке;

ҚР президенті #Тоқаевтың қадағалауына!

Барлық биліктегі жігіттерге өтінішім!!

Сазгер, Актёр, Әнші Қадырғали Көбентайға не Алматы, не Астана қаласынан 1 бөлмелі болса да баспана мәселесін шешуге көмектесіңіздер!

Әлеуметтік желідегі достарым!
Сіздерден өтініш—осы постымды бөлісіп таратыңыздаршы!
Билік естісін!, деп жазды. 

"Толағай боп туылмадым әттең-ай"дегендей, миллионер болмағанымды қарашы.

Әйтпегенде жақсы көретін әнші-құрдасыма, бір котеджді сыйлар едім..", "Қадекеңе 4 бөлмелі пәтер сыйласа да жөні бар!", деп жазды оқырмандар.  
kaz.caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста