Әлеуметтік желіге әуес емес әртістер

Бұл күні әлеуметтік желіні пайдаланбайтын жұлдыздар кемде-кем. Әлбетте, әлеуметтік желі қандай да бір әншінің шығармашылығы жайлы халықтың пікірін білуге оңтайлы жол болса, екінші жағынан, жарнама үшін таптырмас құрал. Алайда әлеуметтік желіге қызықпайтын, оған уақыт жұмсамайтын жұлдыздар да жетерлік. Олар артық жарнаманы қажетсінбей ме, әлде техниканың тілін түсінбей ме?

Сейфуллин ЖОЛБАРЫС, әнші, композитор:
– Енді біздің жасымыз келді, бір жағынан, отбасының, жұмыстың бабы­мен әлеуметтік желілерде отыратын уа­қыт жоқ. Сонымен қатар қасымда інім, көмекшім бар, интернеттегі қандай да бір жаңалықтарды сол хабарлап оты­рады. Жақында өз ресми сайтымды аш­пақшымын. Бәлкім, содан кейін кіріп тұратын шығармын. Әйтпесе интернет деген рақат қой. Өзім интернеттен кі­таптар оқимын, фильмдер қараймын, атақты адамдардың өмірбаяндарын оқи­мын. Жалпы, тек ақпарат алу үшін пайдаланамын. Ал әлеуметтік желіге аса қызығушылығым жоқ. Бірақ қызым: «Папа, қорықпа, сен де бір күні тәуелді боласың, соған келе жатырсың», – деп күліп қояды.

Күнсұлу ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ, актриса:
– Бұрын бір рет «Мой мир» әлеу­меттік желісіне тіркеліп, қарап тұратын­мын, кейін оны қарауға да уақыт болмай кетті. Басқаларын қолдана алмайды екенмін. Түнгі сағат 23:00-00:00-лерде үйге келген соң, сүре жаттап, хадис оқу одан гөрі пайдалырақ сияқты. Мен, жал­пы, техникаға аса икемім жоқ адаммын. Тіпт  көлігім бар болса да, өзім таксимен жүремін. Жақсылап бір отырып үйренсем, ары қарай алып кетермін. Ал былайынша аса қызығу­шылығым жоқ.

Жанар ДОҒАЛОВА, «Кешью» тобының әншісі:
– Менің әлеуметтік желілерге уа­қытым да, қызығушылығым да жоқ. Тобы­мыздағы әріптесім Айдана барлық қажет ақпаратты, топтың шығарма­шылығы жайлы халықтың пікірін айтып отырады. Арамызда компьютер, интер­нетке ең бейімі де – сол. Мен уақытымды кітап оқуға, ән жазуға, жалпы, шығарма­шылығыма арнағанды жөн көремін.

Серік СӘПИЕВ, боксшы, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы:
– Facebook әлеуметтік желісінде тір­келгенмін. Бірақ оған кіруге көп уақыт бола бермейді. Twitter, «Вконтакте» желілерін мүлдем пайдаланбаймын. Оған уақыт та жоқ. Қажет хат-хабар­ламалар электронды поштамен келеді. Адамдармен сол арқылы байланыс жасаймын.

Қарақат ӘБІЛДИНА, дәстүрлі музыка және эстрада әншісі:
– Желілерге әуес емеспін. Менде интернетке кіріп, хат жазысып болмаса суреттерімді жариялап отыруға уақыт мүлдем тапшы. Қызығы сол, ғаламторда Қарақат Әбілдина болып жүргендер көп екен. Бірақ жаһандық желінің не екенін білемін. Қолым қалт еткенде қызықты жаңалықтар оқып, бейнекөріністерді тамашалап тұрамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста