Әлемді мойындатқан қазақстандықтар

Қазақ жеріне кіндік қаны тамғанмен, қара терін басқа елге сіңіріп жүрген қандастарымыз көп-ақ. Алаштың аялы алақанында өскенімен, елден қара үзгеніне сан жылдардың жүзі болған сол тумаларымыздың арасында тіпті әлдеқашан Қазақстан азаматтығымен қош айтысқандары да жоқ емес. Бірақ неге екені белгісіз, ел әлі олардан күдерін үзбей «біздің балаларымыз» дейді... Ендігіде елге орала ма, оралмай ма ол бөлек әңгіме, бірақ сол экс-қазақстандықтардың қайсысы қазір қай елде, не істеп, не тындырып, қандай биіктерді бағындырып жүр? 
1. ҚОС ҚҰРЛЫҚТЫ ЖАЛҒАҒАН  Марат Бисенғалиев. Алматыда туып-өскен 52 жастағы экс-қазақстандық скрипкашы, дирижер, Қазақстанның  Еңбек сіңірген қайраткері 20 жылдан асты Ұлыбритания мен Үндістанда алма-кезек тұрып жатқанына. Азия-Тынық Мұхит аумақтары оркестрінің Альянсында білдей бір директор қызметін атқаратын Марат «баламыз» тіпті Бирмингем консерваториясының профессоры боп, аталған елдердің ауасын көбірек жұтып жүрсе-дағы әлі Қазақстан азаматы. Былтыр Марат Бисенғалиев елге келіп, елең еткізген бер жағы, ағылшынның ең атақты композиторы Карл Дженкинсті «Шәкәрім» симфониясын жазуға жұмылдырып, аталған туынды туған жерге әкеліп қойып, көзге бір жас алдырып кеткені есте.  
2. «КАССАНЫҢ ҚАСҚЫРЫ». Әйгілі Голливудта атынан ат үркетін продюсер, режиcсер, сценарист Тимур Бекмамбетовтің алашұлы екенін тағы бір еске сап қойсақ артық емес. 1961 жылдың 25 маусымында Атырау қаласында дүниеге келген. 1994 жылы кино әлемінің есігін ашқан азаматтың осы күнге дейін әлемді шарлаған 30 шақты туындысын айтпағанда, осы ең соңғы «Елки-3»-і Ресейде 2014 кіре сала жаңа жылдық ең кассалы екі фильмінің біріне айналып, небары 2-ақ аптада 1 миллиард рубль жинағаны неге тұрады?!.
3. СУПЕРМАРАФОНШЫ МАРАТ Жыланбаев, Екібастұзда туған. Алаш бер жағы, ОЛ Сахара шөлін солтүстігінен оңтүстікке қарай кесіп өткен алғашқы АДАМ. Рекордты жеті рет жаңартқан Жыланбаев есімі Гиннеске енген. Анау-мынауды шығара қоймайтын «Вокруг светаның» өзі Марат ағамызға журнал төрінен ойып тұрып орын берген. Басылымның 150 жылдық тарихында қазақтан ол бірінші адам онда шыққан. 1999 жылдан бері Украинада тұрып жатқан супермарафоншы Жыланбаев ердің жасы 50-де..    
4. САЯСАТКЕР СТЕХЛИКОВА. Еуропадағы тұңғыш қазақ министр болған Жәмила Чехия тізгінін өз қолына алғанда қазақтың қайсар қызы қырықтың қырқасына жаңа шыққан кезі еді. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасындағы Қарақұрым деп аталатын ауылда туған Жәмила ханым сан жылдар Мәскеуде тұрған, содан соң чех азаматына тұрмысқа шыққан. Солайша тағдыр оған Бейбарыс бабасының жолын беріп, чех елінің «сұлтаны» болуды жазыпты.
5. FORBES-ТІҢ ФАВОРИТКАСЫ. Әйгілі журнал әлемдегі ең беделді 100 әйелдің тізімін анықтағанда, 37-ші орынды Гүлжан Молдажанова иеленген. Таң қаларлығы, қазақ қызы бұл тізімде АҚШ-тың бірінші ханымы Лора Буш, Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизаветаларданда озып шыққан. 1966 жылдың 11 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін қызыл дипломмен бітірді, мамандығы – физик Гүлжан ханым Дерипасканың корпоративтік стратегиясына елеулі ықпал етіп отыр. Ал бұл стратегия – автокөліктің құрал-сайманын өндіруден, құрылыс пен ядролық энергетика саласын кеңейтуге дейінгі мәселені қамтиды.   
Әуелгі бестік осылай, әйтпесе әлемді мойындатқан қазақстандықтар өте көп. Айталық, «А студио» тобы, олар тіпті таныстыруды қажет етпейді. Сондай-ақ әйгілі дирижер Алан Бөрібаев, стилист Сергей Зверьев, әйгілі актер, КСРО Халық әртісі Олег Янковский, хоккейші Евгений Набоков, тағысын тағылар. Көп. Тіпті «Көшпенділердегі» Аянат та қазір Кісенбай деп тегін өзгертіп, АҚШ-тың Нью Йорк қаласында тұрып жатыр. Таяуда оның тіпті сонда грузин жігітінің етегінен ұстағаны жайлы да ақпарат жетті. Біз біреуді кінәлап, біреуді жазғырудан аулақпыз, тек... біздің мақсат...
...Қара шаңырақтан кетіп қалса да, ата-ана бәрібір баласына алаңдап отырады ғой. Сол сияқты...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста