Алдар ма, хамелеон ба?

Немесе ұлттық кейіпкерлердің бір портреті жасалуы тиіс
Халқымыз бізге ауыздан-ауызға жеткізіп, том-том мұра тастап кетті. Алайда бүгінде халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық тәрбиеге берері ұшан-теңіз сол мұра балалар санасына жетпей, мұражай төріндегі мұңайған жәдігерлердің қатарында тұр. Есесіне, дүкендер мен базарларда қытайдың ойыншығынан бастап, орысша кітап, дискі дейсіз бе, әйтеуір самсап тұр.
                                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)
Ананың уызы тұрып, баланы емізбей, оның орнына дүкеннің көкшулан сүтін беру қаншалықты ақылға сыйымды? Сол секілді қателікке біз бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу барысында бой алдырып, өз тамырымызға балта шаппай, одан да неге ана уызы іспетті ұлттық мұрамызды заман талабына сай тірілтпеске?!. Яғни қат-қат болып мұрағаттарда шаң басып жатқан халық ауыз әдебиетінің жауһарларын балаларымыз балабақшадан бастап, мектептегі дәрістер барысында қолданатындай етіп, электронды құралына енгізу бүгінгінің басты міндеті болуы тиіс. Дәлірек айтсақ, ертегінің сюжеттерін монитордан көретіндей етіп аудио жинақтар шығару, арғысы, қазақ ертегілерінің желісімен мультфильмдер жасау бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады.
Кеше Астана қаласындағы «Іскер» биз­нес орта­лығында Мемлекеттік тілді дамыту инс­титутының бастамасымен Ш.Шаях­ме­тов атындағы Тілдерді дамытудың рес­пуб­ли­калық үйлестіру-әдіс­темелік орталығы, «Алтын қыран» қайы­рымдылық қоры, Астана қаласы Тілдерді дамыту бас­қар­ма­сы және Халық­аралық «Қазақ тілі» қоға­мының және «Руха­ният» орта­лы­ғының қол­дауымен, Инно­ва­циялық техно­ло­гия­ларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақ­сатында, халық ауыз әдебиетіндегі кейіп­керлерді біріздендіру шара­ла­рын ұйым­дастыруға арналған «Бесігіңді түзе!» жо­басы аясында дөңгелек үстел болып өтті.
Көлтауысарды – «қор», Кунг Фу Панданы «зор» санап...
Қазіргі электронды ақпарат алудың жол­дары кеңейіп, кітап оқу жағы кенжелеп отыр­ған заманда жас ұрпақ өзінің төл құн­ды­лықтарынан ажырап қалмас үшін бұл жобаның мәні ерекше. Бұрынғыдай әжесі мен атасының қойнында жатып, ертек тыңдайтын бала қазір аз. Бүгінде барлық баланы электронды ақпарат құ­рал­дары тәрбиелеп жатыр. Онда қазақша өнімдердің үлесі өте аз. Көбіне шетел­дер­ден келген бастары төртбұрышты, үш­бұ­рыш­ты, жасыл түсті адами сиқы жоқ неше түр­лі құбы­жық кейіпкерлерді Шрек, Naruto, Спанчбоб, Кун Фу Панда, Скуби-ду, Смешарики т.б деп кез келген қазақ бала­сы аттарын атап айтып бере алады. Өйткені тәуелсіз Қазақстан аума­ғында тұрып электронды құралдардан көзін ашып көргені, аузын ашып таңырқап, кө­ңілі сүйіп ұнатқаны өзіміздің халық ауыз әде­биетіндегі сан түрлі кейіпкерлер – желаяқ, көлтауысар, таусоғарлар емес, осы мәні жоқ құбыжықтар. Өйткені олар алдымен бала санасына тәуелсіз экраннан талғамсыз беріліп жатқан мультфильмдер арқылы сіңіп жатыр. Содан кейін танымал болған әлгі құбыжық кейіпкердің бейнесі сурет, фигура түрінде шыға­рылып, сауда жүйесімен таратылады. Соларды мысалға алып, үлгі ұстаған түрлі-түсті шағын кітап­ша­лар шығарылады. Тіпті Қазақ­станда шы­ғатын балалардың тағам өнімдерін жар­намалайтын шара­лардың өзінде әлгі ше­телдік кейіпкерлер жап­сырма түрінде тара­тылады. Сөйтіп, әлгі кейіпкер баланың пірі­не айналады
Бала түгіл, Алдардың өзі бейнесінен жаңылды
«Қу шөппен ауыз сүрткен» жарамас, бар­ды айту керек. Яғни бүгінде  халық ауыз әдебиетіндегі ел арасында ең көп тараған күлдіргі кейіпкер – Алдар көсеге қатысты бірнеше туынды (мультфильмдер, кітаптар, қуыршақтар) жасалып шықты. Бірақ, бір әттеген-ай, Алдарымыз әр туындыда – әртүрлі бейнеде. Ал бірізділік жоқ жерде, бала түгіл, өзіміз де шаты­самыз. Ал балаға неғұрлым қарапайым, түсінікті, өзгермейтін кейіпкер жақын. Бір бейнеге үйренген бала, екінші жерде дәл сол кейіп­кер, бірақ түр келбеті тіпті бөтен болса, «балам, мынау сол Алдар» деп сан мәрте қай­таласаң да қабыл­дай алмайды. Сон­дық­тан да мейлі ертегі, мейлі мульт­фильм, мейлі ойыншық болсын, кейіп­кер­дің бір ғана бейнесі, яғни түрі барлық жерде бірдей болуы – шарт. Ендеше, қол­данысқа енгізбей тұрып, ең алдымен әр кейіпкердің өзгермейтін бір портреті жасалуы керек. Оларды оқулық, жинақ, мульт­фильм түрінде шығаратын шығар­ма­­шы­лық топтар осы образдан ауыт­қымауы керек. Сонда қазақ баласы өз кейіп­керлерін қайда көрсе де жазбай тани­тын болады. Мәселен, балалар жақ­сы көретін Спанч Бобты алайық, ол экран­да да – сол, ойын­шық­та да – сол, киімге салған суретте де – сол. Әрине, содан соң оны бала жақын тартпай, танымай қайтсін?!. Ал керісінше, әр жерде әртүрлі қазақ кейіпкерлерін бала түгіл, біз өзіміз танымай жатамыз. Яғни біз әлі күнге ойыншыққа ойыншық деп қарай­мыз, бүгінгі ойыншық ертеңгі баланың өмір­лік моделі екенімізбен шаруамыз жоқ, бір сөзбен айтқанда, біз баламыздың пси­хо­­ло­гиясына бей-жай қараудамыз. Көзіміз балада болғанмен, көңіліміз – далада.
Дөңгелек үстелдегі әңгіме осы төңіректе өрбіді. Сондай-ақ шара аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша балаларға арнап шығар­ған «Экологиялық әліппе» және «Ба­лаларға арналған ертегілердің аудио жи­нағы» таныстырылды. Ендігіде олар Ас­тана қаласының барлық бала­бақ­ша­ла­ры­на тегін таратылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста