Алаштың Жаһаншасы

Мансұр ХАМИТ (фото)

Жуырда ардақты алаш арысы, қазақтан шыққан тұңғыш прокурор, әділет генералы Жаһан­ша Досмұхамедұлының 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында табысты өтті.
«Біздің мақсатымыз – ел билеуді ха­лық­тың өз қолына беру. Қазақ халқы авто­номияға ие болып, алдағы уақытта тағды­рын өз қолына алады. Қалың қазақты аяу­сыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жер­де қазақты елдің тұрмысын, тілін, мі­нез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз». Бұл – сонау аласапыран заманда айтылған Алаштың ақиығы Жаһанша Дос­мұ­хамедұлының өз сөзі. Өткен ғасырдың ба­сында Тәуелсіздікке ұмтылған арыстар арманы сол ғасырдың аяғына таман ғана орындалды.
Ал бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азат­тығы жолына бағыштаған Алашорда көсем­дерінің бірі Жаһанша Досмұхамед­ұлы кім еді? Ол 1887 жылы Орал облысы Жым­питы болысының (қазіргі Сырым ауда­ны) Бұлдырты ауылында дүниеге кел­ген. Әкесі Досмұхамед Жайық өңіріне аты мәлім, дәулетті, көзі ашық, көшелі кісі бо­лып­ты. Ал анасы Рабиға атақты Сырым ба­тыр­дың елінен шыққан көреген, ағайынға қолы ашық қайырымды жан екен. Осын­дай әулетте дүниеге келген Жаһанша жас­тай­ынан зерек, алғыр болып өсті. Заман­ның беталысын ерте бағдарлап, келешек­тің кілті білімде екенін жақсы сезген әкесі Жаһаншаға ауыл молдасынан сауат ашқы­зумен бірге оның елден ұзап оқып, жан-жақты білім алуын жөн көрген. Арнайы мұ­ғалім жалдап, баласының орысша тілін сындырады, болыстық орыс-қазақ мекте­біне оқуға береді.
Жаһанша 1899 жылы тамызда Орал әс­кери реалдық училищесіне түсіп, оны 1905 жылы алтын медальмен бітіріп шы­ғады. Одан арғы оқуын атақты заңгер Бақыт­жан Қаратаевтың жол сілтеуімен Мәс­кеуде жалғастыруды жоспарлайды. Сөйтіп, ол 1906 жылы Император атын­да­ғы Мәскеу университетінің (бүгінгі М.Ло­мо­носов атындағы ММУ) заң факуль­те­тіне түсіп, 1910 жылы оны да алтын ме­даль­ға бітіреді. Жалпы, Мәскеу уни­вер­ситеті Жаһанша Досмұхамедұлының құ­қық­тық білімін өсіріп, саяси көзқарасын шыңдаумен бірге, оның азаматтық бол­мысының қалыптасуына зор ықпал етеді. Университет қабырғасында Жаһанша ше­шендік өнерге барынша ден қояды. Құдай берген қабілетіне қоса, орыс тілінде ора­торлыққа жаттығу арқылы ол екі тілге бір­дей жүйрік шешен болып шығады. Жүйелі сөзімен, өткір тілімен елді ұйытып, көп­ші­лікті баурап алатын. Тіпті сөз шеберлігімен орыстарды таңғалдыратын. Бұл қасиетінің алдағы қоғамдық-саяси қызметінде көп пайдасы тиген. «Сөз­дің шешені – Жаһан­ша, жа­зу­дың шебері – Міржақып» деген сөз қалуы да сондықтан болса керек.
Ал 1913 жылы Орынборда шыға бас­таған «Қазақ» газеті Жаһаншадай жастың рухын оятып, ұлттық-саяси ұстанымын ұш­тай түседі. Отарлық құлдықтан қайткенде де құтылу, елінің оянуы, білімге ұмтылу, басқалар санасатындай ел болу Жаһанша үшін ең басты құндылықтарға айналады. Осының арқасында Жаһанша өз ұлтының бұрынғы тарихынан мемлекеттілік нышан­дарын іздей бастайды. Тәуке ханның «Жеті жарғысын» қазақтың тұңғыш заңдар жи­нағы ретінде көрсетіп, қазақтардың дәс­түр­лі құқық жүйесі туралы батыл пікірлі ма­қалалар жариялайды. «Қазақ халқында басқару жүйесі болған: хандық жүйеге ба­ғын­ған» деп, қазақтың арғы тарихын­дағы бүкіл ханды атап көрсететін көлемді ғы­лыми мақалалар жазады. Жаһанша 1911-1917 жылдар аралығында әуелі адвокат, кейін Том округтік сотының Каинск уезі бо­йынша прокуроры болып қызмет ат­қарды. Осы өңірдегі және қазақ дала­сын­дағы сот істеріне қатысып, прокурор және адвокат ретінде күрделі істердің үдесінен шыға білді. Жаһаншаның сол кездегі әскери шені әділет генералы еді.
1917 жылы жазда және желтоқсанда өт­кен І және ІІ жалпықазақ съездеріне Орал қазақтары атынан делегат болып қаты­сып, соңғы съезде Алашорда үкіме­ті­не мүше, «Шуро-и-исламға» ІІ жалпы­қа­зақ съезі атынан өкіл болып сайланды. Өмірінің Петроград кезеңінде болашақ «Алаш» партиясының бағдарламасын түзу ісін қолға алды, Бас жер комитетіндегі, Іш­кі істер министрлігіндегі, Сот министр­лігі­нің Халық соттарына өзгеріс енгізу кең­се­сіндегі, оқу министрі жанындағы Халық ко­ми­тетіндегі қазаққа қатысты істермен ай­налысты. Петроградтағы Қазан төңке­рі­сін көзімен көрді. Кеңес өкіметінің ал­ғаш­қы айларында Ленинге Петроград көп­шілік кітапханасында сақтаулы тұрған ис­лам дүниесінің асыл жәдігері – Осман ха­лиф жиғызған «Құран Кәрім» нұсқасын қай­тару жөніндегі «Шуро-и-ислам» коми­те­тінің тілегін жеткізіп, бұған рұқсат алды. Соның нәтижесінде Қасиетті «Құран-кә­рім» алдымен Уфаға, кейін Ташкентке жет­кізілді.
1918 жылы мамырда Жымпитыда өт­кен Орал облысының IV қазақ съезінде «Ойыл уәлаяты» деп аталған мемлекеттік құры­лым құрылды. Ешкімге бағынышты бол­маған сол тұңғыш Қазақ үкіметінің төра­ғасы Жаһанша Досмұхамедұлы, премьер-министр және әскери істер ми­нистрі қызметін қоса атқарды. Ал  Халел Досмұхамедұлы – төрағаның орынбасары, Дәулетше Күсепқалиев – үкімет кеңесінің басшысы, Жанқожа Мергенов – ішкі істер министрі, Салық Омарұлы (Сырым батыр­дың ұрпағы) – жер шаруашылығы минис­трі, Хазірет Сағидолла Ізтілеуов – рухани іс­тер министрі, Иса Қанжасаров – Қаржы министрі қызметін атқарды. Кейін­нен 1918 жылы қыркүйекте Уфада өткен Алаш­орданың шұғыл мәжілісінің шешімі­мен Алаш автономиясының күнбатыс өл­ке­лерін басқару үшін «Ойыл уәлаятының» орнына Алашорданың батыс бөлімшесі құрылады. Төрағасы болып Жаһанша сай­ланады. Ол құрылым екі жылдай өмір сүр­ді. Одан кейін кеңес басшылығының Ал­аш­орда мүшелеріне сенімсіздік танытаты­ны анық болды. Бұдан кейінгі арыс ғұмыры да қалған Алаш қайраткерлерінің өміріне ұқсас еді. Ол Қызылорда, Алматы қалала­рында әртүрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воро­нежге бес жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, есіл ер үштіктің үкімімен ату жазасына кесіледі.
Дархан МЫҢБАЙ, ҚР мәдениет және ақпарат министрі:
– Өткен ғасырдың басында ұлы дала­ны ұйқыдан оятып, ұлт рухына ұс­тын болған Алаш қайраткерлерінің ел тарихындағы еңбегі ұшан-теңіз. Өскелең ұрпаққа берер тағылымы орасан зор. 70 жылдан астам аттарын атауға тыйым салынып, еңбектерін шаң басқан архив­тің сөрелерінен шығартпай қойған сола­қай саясаттың заманы өтіп, бүгінгі Тәуел­сіздік тұсында Алаш арыстарының рухы халықпен қайта қауышып жатыр. Жа­һан­ша Досмұхамедұлы – ХХ ғасырдың басындағы ірі саясаткер, кәсіби заңгер, көрнекті қоғам қайраткері. Қазақ халқы­ның оқу-білімге ұмтылуына жол ашып, білім алып жатқан қазақ балаларына стипендия беріп, қазақ тіліндегі оқу құралдарын көптеп шығаруға үлес қосқан Алаш азаматы.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста