Алаштың тірі тарихы еді...

Өзекті жанға өлім бар, яғни өмірге келген жанның бір күні одан кетері ақиқат. Және Алланың әділдігі де сонда, пендесін ажалынан бір сәт бұрын алмайды немесе бір сәтке кешіктірмейді де. Алайда қанша ұзақ жасаса да, ажалға қимайтын адамдар болады. Алаш жұрты тағы бір аяулы тұлғасынан айырылды. Ақпанның 18-і асылдың сынығы, Алаштың ардақтысы болған Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар апамыз үшін жарық дүниедегі ақырғы күні болса керек.

                                                                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Екі жылы кем ғасыр жасаған аяулы апамыз ақпанның осы бір күні жалғаннан жыраққа ұшып жүре берді. 1915 жылы Орынбор қаласында Мір­жа­қып атамыз бен Ғайнижамал әжеміздің отбасын алғаш өзінің шыр еткен үнімен шаттыққа тол­тыр­ған сәбиге азан шақырып Гүлнар деген ат берген екен. Алайда аласапыран заман, Жақаңдай ардақты әкенің аялы алақанын Гүлнар қызы небәрі алты-ақ жыл көрген. Алайда сол алты жыл­да Ахмет Байтұр­сы­н­ов, Әлихан Бөкей­хан­ов сынды асылдарды көріп, сол бір ғазиз жандардың бейнесін өмір бойы көз алдында сақтай алған Гүл­нар әжеміздің өзі де баға жетпес тірі тарих­қа айналған жан еді. Бір қуанар­лығы, біз асыл әжеміздің көзі тірісінде іздеп барып, қолын алып үлгерген едік. Сонда әжеміз әңгіме арасында көп нәрсе айтып еді.
– Біздің үйде ескі бір сурет жүретін, – деп бастады әжеміз әңгімесін. Сосын бір сәт үнсіз қалды. Сірә, сол суретті көз алды­на қайта жандандырып жатса керек. – Тігу­лі тұрған киіз үй, оң жағында – жеңіл көлік, рульде – жүргізуші, ал көліктің сыртында газет­пен жүзін көлегейлеп менің әкем тұр, жанында Бөкейхановтың қызы Лиза мен ұлы Үгітай (Сергей) бар. Ал киіз үйдің сол жа­ғында, жерде үлкен кілем төселген, ақ дастарқан басында самауырдан шай қ­ұйып менің шешем отыр, төрде Ахмет Бай­тұрсынов атамыздың тізесінде тоғыз айлық мен отырмын. Бұл 1915-16 жылдар болса керек, содан 1918 жылға дейін Орын­­борда сол суреттегі Ахмет ата, Әли­хан ағалармен біз отбасымызбен қоян-қолтық араласып тұрсақ керек. Әкем ұстал­ған соң, 40-жылдардың шамасында ұр­ла­­­нып кеткен осы сурет қазіргі күнгідей көз алдымда. Содан кейін елге оралдық, ала­сапыран заманда да бірге жүрдік. 1925 жылы біз Қызылордаға көшіп бар­ғанымызда да Ахмет Байтұрсынов атамыз­бен бәріміз бір үйде тұрдық. Ол кез онға келіп, ес біліп қалған шағым ғой. Бәрі ке­ше­гідей көз алдымда: Жүсіпбек Аймауы­тов, Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгер­ұлы, Сұлтанбек Қожановтай асыл ағалар біз­дің үйде жиі бас қосатын. 1933 жылы бұл кісілердің барлығын қамауға алып, олар  әуе­лі Қызылорда түрмесінде отырды да, ке­йін барлығын 5 жылға соттап, жер ау­дар­ды.
Міржақып Дулатовтың өз кіндігінен өрбіген үш перзенті болған. Тұңғышы – Гүлнар, тағы бірі кішкентайында шетінеген Наурызбайы, содан соң – Әлібек атты ұлы. Жақаңның жұбайы Ғайнижамал Баймұрат­қызы сол тұстағы қазақта санаулы деген көзі ашық, көкірегі ояу қыздардың қатары­нан болған. 1934 жылы сол кездегі «Крас­ный крестің» бастығы Максим Горькийдің жұбайы Екатерина Павловна арқылы Жа­қаң­мен жолығуға рұқсат алады, сол кезде тоғыз жасар ұлы Әлібекті әкесіне көрсетуге сонау жердің түбіне ертіп апарады. Соның соң­ғы кездесу болатынын Жа­қаң­ның іші сез­­гендей, соңынан былай деп хат жолдай­ды: «Сен­дер кеткелі мен әлгі пәтер­ге күніне екі рет барып тұратын бол­дым. Сол жерде сендердің иіс­терің қалғандай, соны иіс­ке­сем, сағынышым ба­сы­ла­тын­дай». Хатты алған­нан кейін көп ұзамай 1935 жыл­дың мамыр айында Ду­латов­тар ша­ңыра­ғына ке­неттен қайғы кіреді. Жақаң­ның жал­ғыз мұ­рагері Әлібек қыс­ты­гүні шана­ның астында қал­ған болатын, сол жат­қаннан көктем шыға қай­тыс болды.


– Көңіл айтуға Бәтес апам­ды ертіп Ахмет атам келді, – деді Гүлнар Міржақып­қызы осы тұста. – Сөйтіп, шешеме: «Шы­­ра­ғым, берік бол, сабыр ет, балам қайтыс болды деп қабырғаңды қайыстырма, баласыз мен де жүрмін ғой. Әлтайдың (Әлібекті солай атай­тын) қайтыс болғанын Мір­жақыпқа айтпа, артымда ұлым бар деп жүрсін. Көп ұза­май келеді ғой, сонда бір-ақ есті­сін», – деді. Со бойы әкем ұлы­ның қа­засынан бейхабар күйде кетті ғой.
Сөйтіп, жан-жары Ғайни­жа­мал қайғы үстіне қайғы жа­мап, Жақаңның көзінің қара­шы­ғындай қызы Гүлнарды құ­шақ­таған күйі қала береді.
 – Әкемнің тұңғышы әрі артында қалған жалғызы болғандықтан, мен үшін өмірдегі ең үлкен парыз әкемнің тегін сақтап қалу болды, – деп сабақтады үзілген әңгімені Гүлнар Міржақыпқызы, – Тегімді сақтау жолында көрмеген қиындығым қалмады, бірақ бәріне төздім. Қазақстанда мені оқытпады, қудалады, сол үшін мен Том қаласына барып, дәрігерлік оқуға түстім. Мен әкемнің жазықсыз кеткенін білетінмін. Әйтеуір, түбінде әділет жеңіп, әкемнің ақталатын сәтін ерекше күттім.
Басына қандай қасірет төнсе де, әке­сінің тегін тастамай, бүгінге жеткізген Гүл­нар Міржақыпқызын ұлт болып қалай ұлықтасақ та жарасады. Себебі ол – тек Міржақыптай әке мұрасын ғана жеткізуші емес, жалпы алаштанудың негізін қалауға атсалысқан тұлға. Сан жылдар қазағының саулығына жан аямай қызмет еткен ақ халат­ты абзал жан болғаны өз алдына. Ең ал­ғаш арыстарымыз ақталған сәтте ең бірін­ші болып осы салада еңбек жазған – осы Гүлнар әжеміз. Бүгінгі Алаш баласы ең алғаш Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бай­тұр­сынов, Міржақып Дулатов, Жүсіп­бек Аймауытовтармен сол еңбек арқылы қайта қауышты. Біз сол үшін, яғни тұтас ХХ ғасыр тарихы мен бүгінгі тарихты жал­ғаған Гүлнардай қайсар, ұлт алдын­дағы мұратын тіпті өз жанынан биік қоя білген ұлы әже­мізге қарыздармыз. Жа­ратқан жаны­ңызды жан­натта шалқытсын, аяулы әже!
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін Қазақстан Жазушылар ода­ғында сағат 10:00-де басталады.
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста