Алаштың ШОУ-БИЗНЕСІ

Алаштың ШОУ-БИЗНЕСІ

«Әжептәуір ән еді, пұшық айтып қор қылды...»
Бүгінгі қазақ эстрадасына қарата қазақтың осы сөзін қолдану еш олқы емес. Неге? Сөзіміз дәйексіз шықпас үшін қазіргі кең қолданыста жүрген әндерге тоқталайық:
«Жол жатыр шақырып алдыңда,
Өмір тұр ұсынып шаттығын.
Білмеймін ержетіп қалдың ба,
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін».

Бұл – танымал әнші Медеу Арын­баев­тың орын­дауындағы Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдая­қов­тың «Ақ бантик» әнінен үзінді. Медеу ағамыз қазақта қызға қатысты бойжетті деген сөз­дің айтылатынын білмейді десек, ақылға сый­­майды. Сондай-ақ қазақтың талант­ты әнші қыз­да­рының бірі Ал­ты­най Жорабаеваның орын­дауындағы Алатаудың ақиығы Мұқа­ғали Мақа­таев­тың сөзіне жазылған Нұр­ғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әнінің де мәтініне құлақ түріп көрсек:
«Армысың, атақоныс, жасыл мекен!
Ұлыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!»

Мәтіннің тұпнұсқасында «Ұланыңмын мен сенің» деген жолдар әнсүйер қауымға жақсы таныс болатын. Бірақ Алтынайдың бір буын­ды тастап, әнді ақсаңдатып жүр­геніне де үш жыл­дан асты. Сол уақыттан бері эфирден қанша рет бе­ріл­ді, әншінің өзі естімеуі мүмкін емес. Олай бол­са, қате­сін неге түзеп, қайта орын­да­ма­ды екен?
Әншінің сауатты ән айтуына ақынның да тигізер әсері орасан. Бірақ кей әншілер бар жүкті ақын­ға артып, өздері бас қатыр­ғысы келмей­тін­дей. Мәселен, былтыр ғана «Шіркін life» теле-думанында барлық әнші­леріміз бірі­гіп ән салды, сонда «Қамшы тоқып қайыс­тан» деп айды аспанға бір-ақ шы­ғар­масы бар ма?!. Қазақ қамшыны қашан тоқып еді, өреді ғой?! Оны өз көзімен көріп өскен ауыл баласы «бәлкім, алматылық ақындар солай жа­сай­тын шығар» деген дүдәмал күйде қала берді. Одан кейін ресейлік «На-На» тобының жолын қуғысы келді ме, боз жорғаны жүй­рікпен жарыс­тырып, «Ринго» тобының жігіттері рия­сыз көңіл­мен сахна төрінде тайраңдады. Міне, мы­на тұсы:
«Өмір – бәйге, боз жорға,
Сенен жүйрік озған ба?
Боз жорға, боз жорға».

Әншілерде кінә жоқ шығар. Асфальтта өскен жастар жорға мен жүйріктің айыр­ма­шылығын қайдан білсін. Бірақ сөзін жазған Шөмішбай ағамыз мұндай өрескел қатеге қалай жол беріп қойды екен? Тұр­мыс-тіршілігінде жылқымен біте қайнасып кеткен қазақ ешқашан жорға мен жүйрікті салыс­тырған емес. Себебі олай ету – ауда­рыспақ пен көкпарды бір ойынға бірік­тір­генмен бірдей.
Жастардың бір кездегі жанын салып тыңдаған топтың бірі «Бақай»:
«Ақ қайыңның қасында
Жігіт пен қыз кездесті.
Жігіт ашық мінезді
Ашып сырын сөйлесті», –

деп келеді де: «Мен де бір ана­ның жалбы­ра­ған бала­сы», – деп қойып қа­ла­­ды. Кү­­­леміз бе, жы­лай­мыз ба?! Тіп­ті жал­бы­рау де­ген бұл жерге еш қисыны кел­­мей­тін сөз ғой? Жал­бы­рау – сүй­ретілу, рет­сіз көрі­ну не­ме­се сон­шалық ізет­тілік­пен біреу­дің ал­дын­да құ­рақ ұшу деген ма­ғы­­на­ға ие сөз. Осы екеуі­нің қа­й­сы­сы болсын ән мәтініне еш үйлеспейді ғой. Кейінгі кездері сөзі қи­сынсыз болса да, өздерін ақын қатарына қосатын әнші­леріміз көптеп кездесетін бо­лды. Әркімнің өресі же­тетін іспен айналысқаны дұ­рыс. Әйтпесе «Ән – көңілдің ажа­ры» емес, «Ән – өмірдің ма­за­ғы» деген жаңа мәтелді ту ететін бо­ла­мыз. Ал оған ақын, саз­гер­лер­мен қатар, әншілер де өзде­рі­нің тіке­лей жауапты екенін еске­ру­лері шарт. Себебі туған тіліміздің таза­лығы – әр қазаққа аманат.
Қазақ эстрадасында сауатты әнші мүлдем жоқ деу­ден аулақ­пыз, әрине, сауат­ты әнші­лер жетерлік. Тек өз ісіне жауап­ты қа­рай­тын­дар­дың қата­ры си­рек. Бір әрпі дұ­рыс ай­тыл­ма­са – сөз бас­қаша си­пат алып кетуі ғажап емес. Мә­се­­лен, Әбүйір­­бек Тінә­лінің «Кісі жа­ры» деген әнін көп­теген әнші бұ­зып айтып жүр. «Ас­пан­дағы біреуі­­міз ай­ды алған­­мен ай-хой, ай­­нал­май­мыз біріміз пай­ғам­барға беу дүние-ай» деген жол­дарды «ай­нал­ғанмен бі­реуі­міз пайғам­бар­ға беу дү­­ние-ай» деп қате орын­дап жүргендер жетерлік. Көп­ші­лік­тің көз­айы­мына ай­нал­ған Ерболат Құдайбергеновтің орын­дауындағы «Біздің жігіттер» әнінде Павлодардың жігіттері «павшы» екен деген жолдарды қымсынбастан қолдана салған. Егер бұл сөз ағылшынның «pub» деген сөзінен алынса, онда керекулік ағайынның барлығы сырақор болып шыға келеді. Қанат Жүнісовтің «Ауылдағы ару қыз» әнін орындап жүрген астаналық Достың:
«Есіңде ме, есіңде ме
Қызғалдақ гүл терген кез,
Қымсынып ең қалың шалғын арасына
енгенде», – деген шумақтың соңғы жолын күйтабақтан тыңдасаңыз, әншінің ұғымындағы «дұрыс» нұсқасы «Қымсынып ең қалың шалғын арасында емгенде» болып естіледі.

Түйін
«Сөз қадірі – өз қадірім» дейтін баба­мыз. Олай болса, сөзіне мән бермеген қоғамда қандай қадір қалсын? Жиын-тойға арналған жеңіл әндер жаздыру заман талабы бола қойсын мейлі, бірақ қандай ән болса да орындаушы өзінің сол әнге, ән арқылы қазақтың сөзіне де жауапты екенін ұмытуға қақысы жоқ. «Ұялмаған әнші болады» деген пиғылдан арылып, талантты сазгер мен қаламы жүйрік ақынның жанынан табылып, жалпақ жұртқа тек жақсылығымызды жария етейік.

Қалқаман САРИН, ақын:
 – Бүгінгі таңда ән таңдауда оның мәтініне аса мән беретін, сонымен қатар айналасына «пыс­қырып» та қарамайтын әншілер бар. Бар­лығын біржақты кінә­лаудан аулақпын. Бір анығы, аға буын өкілдеріне өкпе жоқ. Соны­мен бірге 90-жылдардың басында қазақ эстра­дасына келген қыз-жігіттердің де тал­ғамы жақсы. Бірақ кейінгі жастардың ара­сын­да сөз төркінін танитындар не­кен-саяқ. Ән мә­тінін бұрмалап немесе мағынасына мән бермей айта салатын әншілердің қатарына «Ринго» тобын, Айқынды жатқызуға болады. Ма­ғына­сыз тіркестер кейде Қайрат Нұртастың да әндерінен естіліп қалады. Оның бір ғана себебі бар: жас әншілердің көп­ші­лігі өзімен заман­дас қалам ұстап жүрген қыз-жігіттерді таны­майды. Рухани бай­ла­ныс жоқ. Ендеше, көңіл тебірентер ән орындағысы келетін әнші­лерге мәтін жазатын авторлармен жұмыс іс­теуі ке­рек. Сонда ғана сапалы туынды шы­ғуы мүм­кін.

Ұлағат ХАНЗАДА


Алашыңа ән сыйла!


Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Ән адамды жылата да алатын, жұбата да алатын, жігеріне от беріп, гүл ата да алатын құдіретке ие. Қазір әсіресе сол жігерлендіріп, рухтандыратын марш екпіндес әндерге деген аса қажеттілік сезіледі. Осы мақсатта біз «Алашыңа ән сыйла» айдарын бастағалы да біраз уақыт болды. Содан бері Алашқа әйгілі біршама ақындарымыздың патриоттық рухта жазылған өлеңдері жарық көріп үлгерді. Ендігі кезек – ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ мырзада.

Қазақстан

Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!

Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем – бәрі шын,
Қазақстан – намысым!

Шаңырағың – шырағым
Топырағың – тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан – қыраным!

ТУҒАН АУЫЛ

Көгiнде бозторғайы
                           шырылдаған,
Туған жер, сыйлағансың
                            ғұмыр маған.
Елжіреп еркелеткен
                            қайран анам,
Жығылсам жермен аптап,
                             ырымдаған.

Жусаны жұпар шашқан
                        қырым-далам,
Киеңдi бұрын қалай
                            ұғынбағам?
Құс екеш құс та
                 ұясын сағынады,
Адам ба ауылына
                        бұрылмаған?

Бұлағы көз жасындай
                         шымырлаған,
Туған жер, шабыт берген
                            гүлiң маған.
Айлы түн ай дидарлы
                            ару қыздың
«Сүйем» деп құлағына    
                          сыбырлағам.

Өлең жолдарын оқып, жүрегін ән тербеген оқырман болса,  ulugbek@list.ru координаттары бойынша хабарласуын өтінеміз. Сондай-ақ газетіміздің келесі нөміріне өз жырын жолдайтын ақындарға да құлаққағыс!


Жылайтын актерлерге қатты қызығамын

Нұржан Құлшынбай, «Шаншар» әзіл-оспақ театрының актері:
Балалық шағында ол киноға түсуді ар­ман­дады. Армандады деу аз, аулада ағаш жарса да, су тасыса да, тіпті ойнап жүрсе де, соның әр сәтінде өзін камера түсіріп тұрғандай сезінді. Мүм­кін, «Алғашқы махаббат» фильмінде Мей­рам­бектің орнында ойнар ма еді, бірақ кастингіге баруға ұяңдығы жібер­меді. Сол күйі ол киноға түскен жоқ, бірақ бүгінде танымал актер. Сонымен, таныс болайық, күлкі әлемінің белді кейіпкері, Уәлибек пен Жүсіптің тағы бір жарасымды сыңары, «Шаншарды» өз өнерімен толық­тырып тұрған бұл актердің есімі – Нұржан ҚҰЛШЫНБАЙ.

Трагедияда ойнасам да, жұрт күлетін шығар
– «Үлкен адам болу үшін ғаламда үлкен арман керек екен адамға» деген сөз бар ғой, бала күніңізде кино актері болуды армандапсыз, олай болса, неге бүгін кинода емес, сатирада жүрсіз?
– Иә, ондай арманымның болғаны рас. Әсіресе Мейрамбек Беспаев түскен «Алғашқы махаббат» фильмінде ойнағым келген. Бірақ бала­лық ойым маған «сенің оған реңің кел­мей­ді» деп сыбырлады. Сондықтан ешкімге де айт­пастан жылы жаптым да, қоя салдым. Бірақ қия­­лым тәтті еді. Өзімді не істесем де, каме­ра­ның алдында жүргендей елестететінмін. Ағаш жарып жатсам да, құдықтан су тартып, есік ал­дын тазалап жүрсем де, құдды сол сәтте ауыл­дағы бір отбасын киноға түсіріп, ал өзімді сол үйдің баласы рөлінде ойнап жатқан актердей сезі­не­тінмін. Арасында өзімше сөйлеп қоя­тын­мын. Қазақ­та «Күшік кезінен таланған» деген сөз бар ғой. Сол «күшік» кезімізде көзімізді ашып көргеніміз – Уәлибек пен Жүсіп ағала­ры­мыз. Яғни тірі актер дегеннің қандай бола­ты­нын ең алғаш біз осы кісілер ар­қы­лы көрдік. Сондықтан қызы­ғып, соңынан ердік. Ал киноға сосын сол кісілерден үйреніп ба­ра­ды екенбіз деп ойла­ған­быз ғой. Кино актері бір бөлек, сатира әртісі бөлек, драма актері бөлек болады дегенді ол кезде кім білген?
– Бала күніңізде тек қиял ре­тінде қабылдасаңыз да, бүгінде сіз – ел танитын әртіссіз. Киноға түсу деген балалық қиялыңызды неге жүзеге асырмасқа?
– Білмеймін. Түрлі кас­тин­гі­лер өтіп жатыр, солардың ешқай­сысына суреттерімді өткізіп көрген емеспін. Бұл да бір қазақтың қа­нында бар тар­тын­шақ­тық шы­ғар, ұяң­дық па?.. Екін­ші жа­ғынан, бү­гін­де сатира са­ла­сында жүр­ген­дік­тен, комедия жанрын­да бол­ма­са, салмақты киноға ешкім ша­­­­қырмайды да ғой. Ша­қыр­ған күн­­де де мен одан бас тар­тар едім.
– Неге?
 – Трагедия, дра­ма ойнау қо­лым­нан келуі мүм­кін, бірақ ел әбден сатирадан көріп үйреніп қалған адамын салмақты кинода еш қабыл­дай алмайды. Ол – өзі дәлел­денген нәрсе. Сондықтан маған халық алдындағы қадірім бәрі­нен қымбат. Алайда, шыны ке­рек, сахнада кәдімгідей егіле жылап ойнайтын актерлерге өз басым қатты қызығамын. Көзіне тұнған мөлдір жасты сырғытып алмай, сөзін түгел жеткізіп, со­ңын­­да бір-ақ көз жасын тастап кеп жіберетін актерлердің қа­сын­да өзімді еш­қан­дай актер санай ал­май­­мын.
– Осыған өкінесіз бе?
– Жоқ, еш­қа­шан ба­сы­ма ондай ой, он­дай өкі­­ніш кі­ріп көр­меп­ті. Ал­лаға шү­кір, осы кү­німе. Се­бебі мен күл­­кіден өзім­­ді тап­пасам, күлкі арқылы өзім­ді жо­ғалт­қан жан емеспін. Са­тира – ме­нің екінші өмі­­рім, «Шан­­шар» екін­ші үйім болып кет­кен.
Қазақы қалжыңнан айырылып қалу қаупі бар
– Актерге рухани азық қажет қой, сіз оны қайдан аласыз? Жалпы, біреуге еліктейсіз бе?
– Негізі, біреуден көргеніңді істеу, оны өз қимылыңа айналдыру деген де оңай нәрсе емес. Мысалы, дәл Джим Керридің қылығын мен қайталай алмас едім, оны мойындаймын. Бірақ еліктеу – актерліктің бастапқы сатысында ауадай қажет дүние. Бірақ әр қоғамға өз типі, өз кейіпкері қызық. Әр ұлттың өз күлкісі болады ғой. Мысалы, қанша жерден қызық болса да, біз грузиннің не орыстардың әзілін дәл сол халықтың өз деңгейінде түсініп, сол деңгейде күле алмас едік. Олар да біздің әзілдерді қабылдай алмайды. Мысалы, Жүсіп ағамыз өзінің бір бажасын керемет келтіріп алған. Кейін тура сол кісінің өзін кездестірдім де, Жүсекеңнің кейіпкерін бірден тани қойдым ғой. Бұл – нағыз кәсібилік деңгейге қол жеткізген не тума таланттардың қолынан келетін дүние. Менде де бірді-екілі прототип бар, бірақ нағыз иелеріне әлі де ұқсата алмай жүрмін. Бірақ байқағаным, қыз секілді сызылған жүріс-тұрыс, қылымсыған қылығы жоқ, еркекшора, ойына келгенді жасыра білмейтін, кез келген жерде аузына келгенді айтып салып отыра беретін қыздардың типі менің оң жамбасыма келеді.
– Қазір КТК-да әзіл-қалжыңға құрыл­ған тележобалар да жетерлік. Сахнаға кей театр кетіп, кей театр келіп жатыр. Қалай ой­лайсыз, сан артқан сайын сапаны жо­ғал­тып, қазақы қалжыңның қайма­ғы­нан ажырап қалуына бара жатқан жоқпыз ба?
– Жеке өз ойым, сатиралық жобалардың көбейгені дұрыс. Жаңаша ізденіс қашанда бәсекелестікті күшейтеді. Ал енді қазақылық деген жағына келсек, шетке еліктеу басым, әрине. Бүгінде қарап отырсақ, көрерменнің түрлі сапасы пайда болыпты. Тілі де, ойы да, істеген ісі де – бәрі таза қазақы көрермен бар, бірақ аз, ал орысша оқыған, сол тілдегі, тіпті орысша рухтағы дүниелерді қабылдай алатын қазақтар көп. Оларға біздегі Comedy club-қа еліктейтін жобалар ұнайды. Ал ол біздің қазақы танымымызға мүлдем жат. Біз бірақ соған қарамастан, бүгінде оны қазақтың санасына аямай тықпалап жатырмыз. Ол, әрине, өз болмысымызды ығыстырып шыға­рады. Егер мұндай ағымға тосқауыл қоймасақ, біз, расында, қазақы қалжыңымызды түбегейлі жоғалтып алуымыз әбден мүмкін. Баяғыда бір кісінің аузынан «Шаншардан» қазақ ауылының иісі шығады» деген сөзді естігенім бар еді. Бәлкім, мені «Шаншарға» тәнті еткен сол иіс шығар. Егер таза қазақы болмасақ, бізді қытай қазақтары көрмес еді. Ал олар – бізден гөрі нағыз ұлттық болмысымыз бен тілімізді жоғалтпаған таза қазақтар.

Тақырыпқа тұздық
О баста ең алғаш қазақ жерінде «Шаншар» деген дала театры болған екен. Бірақ ол өз атауын қайдан алды десек, шаншар деген – қазақта бар ру аты. Арғын, оның ішінде қаракесек, сол қаракесектен шаншар тарайды. Ұлы Абайдың нағашы жұрты – осы шаншарлар. Шеттерінен қу тілді, шаншып сөйлейтін, тілге шешен, ойы ұтқыр болғандықтан да, ел оларды осылай атап кетсе керек. Атақты Қоянды жәрмеңкесінде Балуан Шолақ, Мәди, Жаяу Мұса секілді сал-серілеріміз ел алдында өз өнерлерін паш етіп жатқанда, арасында сол шаншар руының жігіттері шығып, әзіл-қалжыңымен елді күлкіге қарық қылып кетеді екен. Содан ауыздан-ауызға тарап, жұрт жинала қалса, «күле отырайық та, бір шаншардан айтып отырсай» дейді екен.


Концерттің табыс формуласы:

Беттің продюсері – Мәриям Әбсаттар e-mail: mauka2004@mail.ru

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста