«Алашорданың» суретті тарихы

Алматы қаласындағы М.Әуезовтің мұражай- үйінде «Алашорда» атты фотоальбомның Алаш ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдеріне арналған таныстырылым рәсімі өтті. Мұндай шара бұдан біраз бұрын елордамызда ұйымдастырылған болатын.
Фотоальбом «Нұр Отан» халықтық де­мократиялық партиясының қолдауы­мен, «Алтын қыран» халықаралық қайы­рым­ды­лық қорының қаржылай көмегімен «Орхон» баспа үйінен жарық көріп отыр.
Альбом Алаш қозғалысының қалып­та­су, саяси сахнаға шығу, Алаш автоно­мия­сын құру, кеңестік дәуірдегі қуғын-сүр­гін ке­зеңдерінің суреттерін қамтиды. Жи­наққа енген 350-ден астам фото тақы­рып­тық-хронологиялық жүйе негізінде маз­мұ­ны мен түсу кезеңдеріне қарай алты бө­лім­ге топтастырылған.
«Атқан таң» атты алғашқы бөлімге Алаш қайраткерлерінің гимназия мен университеттегі жылдарының естелік-фо­то­лары енген. «Оян, қазақ!» ұлт-азаттық қоз­ғалысының қалыптасу кезеңінің сурет­терін қамтиды. «Алаш автономиясы» бөлі­мі Алашорда үкіметінің 15 мүшесінің порт­реттерінен басталып, 1917-20 жылдардың су­ретті шежіресін жасауға негізделген. «Со­веттік тағдырлар» және «Абақты жо­лы» атты тараулар Алаш ардақтыларының кеңестік дәуірдегі қызметі мен қуғын-сүр­гін дәуірі суреттерінен құралса, «Тағзым» атты бөлімге Тәуелсіздік жылдарында Қа­зақ­станның әр түкпірінде Алаш қайраткер­леріне орнатылған ескерткіштер топтас­тырылған.
Альбомға енген суреттер Гүлнәр Мір­жа­қыпқызы, Дәулет Тынышбаев, Рүстем Бі­рімжанов, Сырым Бөкейханов сияқты Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары мен ғалымдардың қолындағы жеке қорлар­дан, әдебиеттер мен мұрағаттардан алын­ған. Шетелдік мұрағаттардан табылып, аль­бомға енген ондаған сурет тұңғыш рет жарияланып отыр. Әр суретке қатысты түсі­ніктеме қазақ, орыс және ағылшын тіл­дерінде берілген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста