Қазақты қалай сақтап қаламыз?
Мұхамеджан Тынышбаев (1879-1937)
«Қазақтардың жер мәселесі, сөзсіз, аса маңызды… Үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті: біріншіден, …қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, қазақтарды …қауқарсыз тобырға айналдыру; үшіншіден, …ежелгі атақонысынан айыру… қандай қанқұйлы, зымиян мақсат?!»
(1905 жылы 19 қарашада өткен автономшылар одағының І съезінде «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта жасаған баяндамасынан.)
Мұхамеджан Тынышбаев — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
Санкт-Петербордағы І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтының соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономшылардың съезіне қатысып, қазақ мәселесін көтерген баяндама жасайды. Онда қазақтарды басқарудың басты принциптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады және басқарудың әскери жүйеден азаматтық жүйеге көшуді талап етеді.
АЛАШ СӨЗІ
Последние статьи автора