Арамызда кітап оқуды сүймейтіндер бар
Ілияс Омаров (1912 – 1970)
«Адамның білімділігі мен мәдениеттілігі оның әртүрлі ілімнің қайнар көзі – кітапты үнемі оқып отыруына байланысты. Өкінерлік бір жай, біздің адамдардың, оның ішінде интеллигенцияның арасында кітап оқуды сүймейтін, өздері үшін меншікті кітапхана ұйымдастырмайтын адамдар бар. Олар кітаптың адамның өмірден артта қалмауына, оның мәдениет дәрежесінің үнемі өсіп отыруына ғана көмектесіп қоймай, сонымен бірге семьядағы тәрбие жұмысын нығайтушы екенін түсінбейді.
Егер әрбір үйде кітап болмаса, ол үйдің ішіндегі жиһаздарының молдығы, мал басының көптігі мәдениеттілікті көрсете алмайды»
(«Ленин туы», 19 шілде 1958 жыл. «Кітап – мәдениеттің қуатты құралы» мақаласынан)
Қазақ әдебиеті мен көркем өнерінің тарихы, жай-күйі жөніндегі көптеген публицистикалық, әдеби-сын еңбектерінің авторы Ілияс Омаров өз заманында Қазақ КСР Сауда Халық комиссары, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы, «Қазақфильм» киностудиясының директоры, Қазақ КСР Министрлер кеңесі Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы сынды бірқатар жоғары лауазымды қызметтер атқарған қоғам қайраткері. 1933 жылы Ташкенттегі Орталық Азия жоспарлау институтында оқыған Ілияс Омаров осындай қызметтерді атқара жүріп, қазақ руханиятының дамуына зор ықпал еткен сыншы қаламгер ретінде ұлттық әдебиетте өз қолтаңбасын қалдырған.
АЛАШ СӨЗІ
Последние статьи автора