«Алаш көсемсөзі» 10 томдыққа жинақталды

Бүгін елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген «Алаш көсемсөзі» 10 томдығының тұсаукесері өтеді.
Аталған көптомдық ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұра­ғат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағ­дарламасы бойынша шығарылған. Жоба жетекшісі және басылымның жалпы ре­дакциясын басқарған – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Намазалы Омашұлы.
«Алаш көсемсөзі» жинағына бұған дейін ғылыми айналымға толық түспеген «Шолпан» (1-2 том), «Жас Түркістан» (3-4 том), «Сана» (5 том), «Таң» (6-7 том), «Абай» (8 том) журналдары мен «Сары­арқа» (9-10 том) газетінің жария­ланымдары ғылыми-көпшілік назарына ұсынылып отыр. Әр томның көлемі шамамен 22 баспа табақтан тұрады. Мұны қазақ журналистикасы ғылымының зор табысы деп бағалауға әбден болады. Себебі осыған дейін Алаш қозғалысының тарихы, әдебиеті, саяси күресі біршама зерттелді. Ал көсемсөзі толықтай көптомдық түрінде алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр. Жинақтың ғылыми тұрғыдан берер жаңалығы да аз емес.
Біріншіден, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың бас редакторлығымен 1929-1939 жылдары Берлинде шыққан (түп­нұсқасы Колумбия университетінде сақ­таулы) «Жас Түркістан» журналында жа­рияланған ұлттық тәуелсіздік, ел мен жер, ғылым-білім, тіл туралы және т.б. көсем­сөздері жарық көрді. Осыған дейін Мұс­тафа Шоқайдың жеке-дара мақа­лалары ғана қарастырылса, бұл томдарды шығарушылар «Жас Түркістандағы» жа­рияланымдарды тұтас жарыққа шығару­ды мақсат етті.
Екіншіден, осыған дейін көпшілікке беймәлім болып келген, шетелдік архивтерде, өзіміздің кітапханаларда там-тұм­дап сақталған Алаш баспасөзінің басы біріктіріліп, халқымен қайта қауышты. Ондай мерзімді басылымдардың қатарына «Шолпанды» (Өзбекстан мұрағатында сақ­таулы), «Абайды», «Сарыарқаны», «Сананы», «Таңды» жатқызуға болады. Мысалы, «Абай» журналы елдің Тәуелсіздік рухын кемелдендіріп, философиялық, пси­хо­логиялық терең талдауларға құрылған жарияланымдарымен ерекшеленді. Онда елдік қана емес, әлемдік деңгейдегі келелі мәселелер көтерілді.
Үшіншіден, Алаш ардақтыларының жаз­ғандары түпнұсқадан алынды. Оның кеңестік кезеңде саясат лебімен қыс­қартылып, мағынасы өзгертілген тұстары қалпына келтірілді. Алаш зиялыларының үркердей аз ғана тобы бүкіл Түркістан Республикасы мен Қазақ Автономиясының саяси-экономикалық, оқу-ағарту, тіл, әде­би, мәдени-рухани, әлеуметтік т.б. қа­жет­тіліктерінің барлығын өтегені таңдай қақ­тырады. Өз ұлтын сүюдің осыншалықты ерекше үлгісін бұдан өзге басылымдардан кездестіру қиын.
«Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көрген бұл құнды еңбектер қазақ журналистикасы мен әдебиеті, сонымен қатар қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар үшін де маңызы орасан зор саналмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста