«Алаш» идеясын насихаттауға да идея керек

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Тәуелсiз Қазақ елi күнi кеше ғана Алашорданың 90 жылдығын атап өттi. Осынау елеулi оқиғаға байланысты республикамыз бойынша бiрқатар iрiлi-ұсақты шаралар жүзеге асырылды.
Десек те, дөңгелек үстелдi жағалай, алқақотан отырып өзара ой жарыстырған зиялылар кешегi Алаштың идеясын бүгiнгi жаңа қазақтарға түсiндiре алмаған сыңайлы. Ал ақпарат көздерi келтiрген деректерге үңiлсек, Алаш арыстарын ұлықтау, олардың есiмдерiн есте қалдыру мақсатында жасалынып жатқан iс-шараларда есеп жоқ.

Сондағы қыруар шаруалардың көзге iлiгетiндерi мыналар:
Бекiтiлген арнайы жоба бойынша өткен жылдың аясында Алаш қозғалысы тарихына қатысты бiр ғана деректi фильм түсiрiлдi;
«Алаш мұрасы» деген атпен көркем әдебиеттер сериясы басылып шықты;
Бiрқатар ауыл, аудандардағы ескi көшелер алашордалықтардың атымен аталатын болды;
Семейде Алашорда өкiметiнiң басшысы болған, қазақтың арда туған ұлы Әлихан Бөкейхановқа кiшiгiрiм ескерткiш орнатылды;
Бұған қоса тышқан жылының соңында аталған шаралардың нәтижесi ретiнде Алматыда Алашорданың 90 жылдығына бағытталған қорытынды жиын өттi.
Осының бәрi ешқандай даңғазасыз, жалтылдаған жарнамасыз жүзеге асырылды. Бiр қарағанда, бұл жұмыстардың жиынтығы үлкен миссия болып көрiнуi мүмкiн. Алайда ұраны – Алаш, керегесi-ағаш қаймана қазақтың бiртұтастығын ту еткен арыстардың ұлттық идеясы салтанат құрар қазiргiдей азат та бейбiт заманда – белгiлi бiр элитаның сұранысын ғана қанағаттандыруға негiзделген мерейтойлық «акция» ретiнде қалып қоюы көпшiлiгiмiздi iштей қынжылтатыны анық. Күллi қазақты бiр шаңырақ астына бiрiктiруге бар ақылы мен қажыр-қайраттарын сарқа жұмсаған Алаш идеясын қозғаушы ұлт жанашырлары о баста не үшiн күресiп едi? Сiз бен Бiз соны бiле тұра, жоғарыдан келетiн пәрмендi қаулы-қарарлардағы жоспарға ғана иек артып, өзiнше қимылдап, жаңашыл ойлауға әрекеттене бермейтiнiмiз өтiрiк емес.
Осынау саяси қозғалыстың күш алуына түрткi болған бiрнеше себептер бар. Ұлы Далада өз заңдарымен емiн-еркiн өмiр сүрiп келген азат халық кейiн келе патшалық Ресейдiң отаршылдық озбырлығына тап болды. Осыдан келiп жер-жерде қарапайым қазақтардың наразылығы үлкендi-кiшiлi қақтығыстарға алып келдi.
Осы тұста құр айқаймен, күш жұмсаумен қызыл құрсауды бұзу мүмкiн еместiгiн бiлген Алаштың естияр азаматтары саяси қадамдар жасауды жоспарлады. Әлихан Бөкейханов бастаған сол кездегi зиялылар ақпан төңкерiсiнен соң, 1917 жылдың шiлдесiнде Орынборда қазақтардың бiрiншi құрылтайын өткiздi. «Алаш» партиясының құрылғаны сонда мәлiм болған. Ал желтоқсан айында «Алаш автономиясы» құрылды. Әйтсе де алуан түрлi саяси оқиғалар сол кездегi зиялылар ортасына сызат түсiрмей қоймады. Осы кезеңде алаштықтардан бойын аулақ ұстайтындар да болған. Бүгiн де Ұлт мәселесiне келгенде «естiмеген» бола қалатындар да жетiп артылады емес пе?!
Осының кесiрiнен Алаш өкiметiнiң 90 жылдығында айтылған көп сөздер мен iстердiң тобықтай түйiнi жасалмай қалған сияқты.

Мұрағат
«Алаш елiнiң бостандығы ешбiр уақыт алаш мырзасының яки бiрлi-жарым жолдастың бостандығы емес. Бостандық елдiкi!
Айлы, күндi, қанды, отты тарихы бар; кең, бай, терең тiлi, әдебиетi бар; басқаларға үйлеспейтiн төресi,шаруасы бар – Қазақтiкi. Жүз жылдар орыс ақсүйектерi мен байларының тепкiсiнде елдiгiн ұмытпаған Алаштiкi. Аязды күнi айналған, бұлтты күнi толғанған, құрығын найзадай таянған, қу толағай жастанған Ер Қазақтың автономиясы – бұл.»
 Жәжеке (Мағжан Жұмабаев) «Кедей сөзi»,
1921 жылдың 12 қаңтары.
Алаш Үкiметi туралы «Автономия кiмдiкi?»
атты мақаласынан.

P.S.
Осылайша, Алты Алаштың Ұлттық идеясы бүгiнгi Қазақстанда жалпыұлттық сипат ала алмай келедi. Есесiне өткен жылда өкiртiп тұрып бұрынғы «Қызыл өкiметтi» дәрiптеген комсомолдың 90 жылдығы жер-жерде салтанатпен атап өтiлдi. Бұған әлi күнге дейiн Күн-көсем идеясына адал, комсомолдық билеттерi мен компартиялық мандаттарын төсқалталарынан тастамай, туған тiлiн мансұқ етiп, Кремльдiң тiлiнде үнемi күле сөйлеп жүретiн «қандастарымыз» қатты кiрiстi. Осы мәселеге ресейлiк коммунистер де баспасөз арқылы өзiнше үн қосты. Ал бiз ұлттық арман-мұратымызды әр қазақтың көкейiне дұрыстап сiңiре алмай келемiз... Өзiмiздiң көлеңкемiзден өзiмiз қорқып не болды? Бiздiң аузымызға қақпақ, аяғымызға қақпан болып отырған ешкiм жоқ қой.

ДЕРЕК
Ұлт Кеңесi – Алаш автономиясының өкiметi 1917 жылдың желтоқсан айының 5-13 күндерi Орынборда өткен II жалпықазақ құрылтайында сайланды.
Алаш өкiметiнiң құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан У.Танашев (Бөкей Ордасынан), Х.Досмұхамедов (Орал обл.), А.Тұрлыбаев (Ақмола обл.) Х.Ғаббасов (Семей обл.), М.Шоқай (Сырдария обл.), С.Аманжолов (Жетiсу обл.), Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев, Б.Мамытов, О.Әлжанов сайланды. Өкiмет төрағалығына үш қайраткер – Ә.Бөкейханов, А.Тұрлыбаев және Б.Құлманов ұсынылды. Нәтижесiнде Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып, Төраға болып сайланды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста