Алаш арыстарының зиратына ескерткіш қойылды

Уа, Алаш баласы! Ақсарбас айтып, сүйінер күн бүгін! «Өлі разы болмай, тірі байымайтынын» бағамдаған аталы елдің ұланы ұлт болып сүйінер, сүйіншілер іс атқарса, ақсарбас айтпай, не дер­міз! 28 қазан күні Алаш арыстары, арманда кеткен аталарымыз Әлихан Бөкейханұлы мен Нығмет Нұрмақов жерленген Мәскеудегі Дон зиратында қос арысымыздың рухына тағзым етіліп, ескерткіш-тақта орнатылды.
Қара тастың бетіне Алаштың қос арысының бейнесі таңбаланып, туған жыл­дары мен атылған күндері туралы де­рек берілген. Сол деректердің ете­гі­не қарай Қасым Аманжоловтың:
«Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен – қазақтың баласы!»
– деген өлең жолдары жазылған!
Ескерткішті қойған – белгілі қоғам қай­раткері, Қарағандыдағы «Бола­шақ» университетінің ректоры, заң ғы­лымының докторы Нұрлан Дулат­бе­ков.


1937 жылы 27 қыркүйекте атылған Алаш ардагерлері Дон зиратында №1 ортақ қабірге жерленген. Бұл ту­ра­сын­да өткен жылдардан бері белгілі әли­хантанушылар Болат Мүрсәлім мен Сұл­танхан Аққұлы елге сүйіншілеп жа­зып келе жатқан болатын. Дон қо­ры­мында тәндері мәңгі дамыл тапқан қос ардагер ерімізге ескерткіш қойған Нұр­лан Дулатбеков: «Бұл – менің аза­мат­тық, мұсылмандық парызым! Жал­пақ жұртқа жариялап, жарнамалау қа­жет емес», – дейді. Бірақ осынау ата­лы істі, парасатты парызды атқарған жан­ның есімін елге жария етпеу – бізге сын!
Ал зираттың ортасындағы алаң­қай­да орналастырылған ескерткіштер ара­сынан қара тасқа бейнелері бедер­лен­ген қос қайраткеріміздің ескерткіш тақ­тасы ерекше көзге түседі.
Әлихан мен Нығмет аталарымыз жат­қан №1 ортақ қабірдің тұсында жа­­зық­сыз атылған жандардың мүр­де­сін өртеген крематорий әлі күнге дейін тұр, бірақ қазір шіркеу ретінде пай­да­ла­нылады екен.
Алаш арыстарының арманы бол­ған Тәуелсіз елдің өрені енді Мәскеу бар­са, аталарымыздың басына тәу ете алады. Ал Әлекең мен Нығмет ата­ла­ры­мыздың б­асына ескерткіш қойған Нұр­лан Дулат­беков мырза болса – сол ата­ларымыз туған өңірдің тумасы, Алаш рухына қанығып өскен, ардагер арыстарымыз басқан топырақта өнген азамат.
Арыстарымыз жатқан қорымға ескерт­кіш қойылды, енді елдік мұрат­та­рымыз жолында сол аталар арманын ал­ға асыру өзгемізге парыз болса керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста