«Алаш айнасының» қызықты статистикасы

«Алаш айнасы» газеті 2009 жылдың 28 қарашасынан бастап шыға бастады. Яғни төрт жыл бес ай уақыт бойы оқырман­да­рын шұғыл ақпараттармен, салмақты сараптамалармен қамтамасыз етіп келеді.
Аптасына бес рет нөмір дайындайтын газет бүгінде 1000-шы нөмірге де келіп жетті.
Таралымы шамамен 10 мыңды құрай­тын газетіміздің жалпы таралымы 10 мил­лионнан асып кетті.
Кітап өлшемі бойынша есептесек, осы уақытқа дейін жарық көрген 1000 нөмір­дегі материалдар 4000 баспа табақты құ­рай­ды екен. Яғни әлемдегі ең қалың кітап ретінде Гиннесске тіркелген 5000 беттік Wikipedia кітабынан 16 данасы шығар еді.
«Алаш айнасы» газеті жиналған ақпа­раттар мен сараптамалық мақалаларды 100 айдар негізінде ұсынып отырады.
«Дат!» айдары ел тізгінін ұстаған ше­неуніктер, ат үстінде жүрген депутаттар, зиялы қауым өкілдері, кәсіби маман, білікті басшылар қауымы көкейде жүрген салиқалы да салмақты ой-пікірлерін, тұ­жы­рымдарын халыққа жеткізетін мінберге айналды. Бұл айдар арқылы 1000 үлкен сұхбат жарық көрген екен.
«Алашты алаңдатқан сауал» айдары тап бүгінгі күні көпшіліктің көкейінде жүр­ген сауалға жауап іздейді. Дағдарыстардан шығарға жол іздеп, мәселенің түйінін тар­қатады. Бұл айдар бойынша да ортаға 1000 сауал тасталған екен. Оған 3000-ға жуық сарапшы жауап берді.
Газетіміздің беткеұстар айдарына ай­нал­ған «Ой-көкпар» қоғамдағы туындаған мәселелердің екіжақты қырын көрсетіп, оны шешудің екіжақты жолын көрсетеді. Бұл айдар бойынша да 1000 сауал көте­рілді.
Газет ұжымы 63 адамнан тұрады. Бұл – пайғамбар жасына әрі Қазақстандағы зейнет жасына сай. Соның ішінде журна­лис­тер саны – 36. Бір қызығы, журналис­тер­дің орташа жасы да 36-ны құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста