Алар асуымыз әлі алда

Аязби БЕЙСЕНҚҰЛОВ, «Хабар» агенттігі» АҚ «Білім» арнасының бас редакторы:
Елімізде өткен жылдың 5 қыркүйегінде танымдық-ағартушылық бағыттағы «Білім» телеарнасының тұсауы кесілген еді. «Хабар» телеотба­сының құрамына кіретін арнаның басты мақсаты отандық білім мен ақпарат саласын жаңа сапалы деңгейге көтеру екені көпшілікке мәлім. Арнаның шымылдығы ашылған мезет­тен бастап 700 сағаттан аса танымдық, ғылыми бағдарламалардың алғашқы көрсетілімі болды, 2000 сағаттан астам BBC, Discovery, National Geographic, History ұсынған деректі фильмдер мен телехикаялары эфир­ге шықты. Арнаның қалыптасу кезеңі мен бір жылда қол жеткізген жетістіктері туралы «Білім» арнасының бас редакторы Аязби Бейсенқұловпен аз-кем әңгімелескен едік.

– Аязби Ақбергенұлы, бір жылда қан­дай жетістіктерге қол жеткізе алды­ңыздар?
– Негізі, аяғымыздан тұрып, елге жетуі­міздің өзі үлкен жетістік деп баға­лаймын. Бір жылда бәрін бітіріп қойдық деу де әбестік болар. Өйткені біз бұрын-соңды мұндай ауқымда болмаған, тек қана білім беруге бағытталған дүниелерді эфирге шығардық. Оның 40%-ы – мектепке не­месе басқа да білім ұялары­ның шәкірт­теріне базалық білімді тарататын оқу бағ­дарламалары. Түрлі тәжірибелер, техника мен ғылым жетістіктері, мысалы, биология, нанотехнология сияқты іргелі ғылыми салалардағы жаңалықтар көрерменге жол тартты. Тарихи танымдық бағыттағы дү­ниелер – өз алдына бір төбе. Тіл үйрену мек­тебінің де өзіндік қолтаңбасы бар. Ең бастысы, әр көрермен бойында өмір бойы оқу, іздену ұстанымын нығайтуға ұмтыл­дық. Өткен бір жылда атқарылған істер мол болғанымен, алар асуымыз әлі ал­да деп есептеймін.
– Қалыптасу кезеңінде қандай қиын­дықтар кездесті?
– Жаңа медиаорталықта маман тап­шылығы алдан шықты, жастар жұмысқа тар­тыл­ды. Оларға жағдай жасау, шығарма­шы­лық ізденістерін ынталандырып отыру қажет болды. Көпшілікке білім таратумен қатар, өзіміз де үйрендік, оқыдық, іздендік. Сөйтіп, алғашқы жыл қалыптасу, жаңа мін­деттерді шешудегі ізденіске толы мазасыз уақыт болды. Арнаның болашақтағы да­муына алғышарттар жасалды.
– Ұжым туралы не айтасыз?
– Ұжымда бірді-екілі ғана ересек адам­дар бар, басым көпшілігі – еңбекке жаңа араласқан 23-24-тегі жастар. Яғни жас­тар­ға тән қызбалық, биікке ұмтылу, тез нәтижеге жету сияқты жақсы қасиеттер басым. Содан жастықтың албырттығы да кей­де нәтиже беріп жатады.
– Арналарыңыздан жарық көрген жобалардың ішінен қайсысын ерекше атап өтер едіңіз?
– Эфирдің төрттен бір бөлігін, яғни 25%-ын шетелдік өнімдер құрады. Бұлар – әлем мойындаған үздіктердің деректі фильмдері мен танымдық дүниелері. Сон­дықтан әзірге бізде төл туындыларымыздан гөрі, сол дайын өнімдерді насихаттау көбі­рек сияқты. «Назарбаев универсиеті», «Жеті муза», «Ғажайып туынды», «Эйн­штейн ізі­мен» секілді жақсы-жақсы жоба­ларды жа­рық­қа шығардық.
– Жаңа маусымның жаңалы­ғы қандай?
– Жаңалық көп. Тарихи-деректі фильм­дерді қолға алдық. Жақында қазақтың ежелгі өнерін терең насихаттайтын «Қазақ­тың сәндік-қолданбалы өнері» бағдар­ла­масын жарыққа шығармақпыз. Аталмыш циклде киіз басу, ұсталық, тоқыма, зергер­лік, ағаш өңдеудің технологиясы барынша тар­қатылып көрсетіледі. Жуырда «Диска­вери» ұсынған «Морган Фриманмен бірге уақыт пен кеңістік тылсымына бойлау» жобасын көрермен назарына қазақ тілінде ұсынбақпыз. Көрерменіміздің ағартушы­лық бағыттағы сұранысын қанағаттандыра­рар­лық арна жұмысы жанданып келеді. Оның өз міндетін абыроймен атқаратынына кәміл сенемін.
А.САМАЛБЕКҚЫЗЫ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста