Аламан айтыстың бас жүлдесін Біржан Байтуов жеңіп алды

Республикалық аламан айтыста Біржан Байтуов бас жүлде иемденді. Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық Наурыз айтысы өтті, деп хабарлайды otyrar.kz.
 
Наурыз айтысы алғаш рет 2004 жылы ұйымдастырылған болатын. Содан бері бұл жыр додасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы аламан айтысқа Бекарыс Шойбеков, Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Біржан Байтуов, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Қанат Мырзахан, Қажымұқан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов және т.б елімізге белгілі ақындар қатысты.
Жыр додасына белгілі жазушы-журналист Мархабат Байғұт төрағалық етті. Әділқазылардың ортақ шешімі бойынша бас жүлдеге Біржан Байтуов лайық деп табылды. Шымкенттік ақынға 1 млн 500 теңгенің сертификаты тапсырылды.
Жүлделі 1-орын — Сара Тоқтамысоваға (1 млн теңге), 2-орын — А.Жаппарқұловаға (750 мың теңге) ал 3-орын Әсем Ережеқызына (500 мың теңге) бұйырды.
Айтысқа қатысқан басқа да ақындарға арнайы жүлделер мен сыйақылар табысталды.

 BNews

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста