Блогер, актриса Айым Сейтметова ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы блогердің өзі Instagram-парақшасында жариялады. Айта кетейік, Айым Сейтметова қазақстандық танымал актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы.
"30.03.2022 жылы мен ана атандым. Дүниеге қош келдің. Иісің қандай керемет еді", - деп жазды Айым Сейтметова.
Айта кетейік, актриса Айым Сейтметова 2019 жылы қазанда тұрмысқа шыққан болатын. Актрисаның жары - бизнесмен Талғат Итаев.
Актриса "Той любой ценой", "Инстаграмщица", сондай-ақ "Күшiк құда - Квартиранты" сияқты отандық фильмдерге түскен.