Әкемнің соңғы тілегін орындамағаныма қатты өкінем - Дастан Оразбек
Танымал әнші Дастан Оразбеков «Қарақатпен шәй» бағдарламасында ішіндегі өкінішін айтып, шерін тарқатты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
«Әкем менің қолымнан кетті кәдімгідей, мен қасында соңғы адам болдым отырған, өкінетінім «Маған темекі берші», деді. Өзі жаман аурумен өкпемен ауырып жатыр. Мен айттым бермеймін деп. Сол 5 минуттан кейін әкем жүріп кетті.
Енді бұл әкемнің соңғы арманы болды. Сол кезде бере салғанда. Мен түзу ниет пен айттым. Бұндағы түзу ниет пен айттым. Бірақ құрып кетсінші сол түзу ниет. Әкем қасымда болса ғой деген арман көбірек, мен ойладым берсем, қазір қайтып кетеді деп. Соған өкінем. Өкінішке қарай әкем кетіп қалды. Жалпы майда-шүйде өкініш барлық адамның өмірінде болады»,- деді әнші.
Ал желі оқырмандары болса: «Сол темекені бергенде, содан қайтыс болды деп өзіңізді кінәләр едіңіз», «Жатқан жері жайлы болсын», «Сіз бәрін дұрыс істедіңіз», » Не болса да харам нәрсені аузына салмай кетті, ағасы сіз дұрыс істедіңіз»,- деп ойларын ортаға салды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz