"Әкем анамды өлтіріп қоя жаздаған": Жұлдыз Өмірғали балалық шағы жайлы

Жұлдыз бала кезінде отбасының дұрыс моделін көре алмағанын айтады. Оған себеп әкесінің үнемі ішімдік ішіп, үйде жанжал шығаруы, анасының таяқ жеуі.

"Ауылдық жерде адамдар ішімдікке құмар болады. Әкемнің сондай әрекеттерінен жөнді отбасылық үлгіні көрмедім. Ол немен аяқталды? Отбасы сынып, бәрі жан-жақта қалды. Біз ата мен апаның қолында, анам басқа жақта, әкем өмірден озды", – дейді Жұлдыз.
Өмірғалидің айтуынша, әкесі анасына үнемі қол көтеріп отырған. Тіпті:

 
"Өлтіріп қоятындай жағдайға да жеткен болатын. Бірақ Құдайға шүкір анам тірі қазір, өзінің отбасы, жолдасы бар. Есімді білгелі, әкем мас келе жатыр дегенді тарс жабылған темір қақпадан білетінбіз. "Төсектің астына барып тығылыңдар" деген белгі болатын бізге. 


Қорқынышпен өмір сүрдік. Қазір Айқынмен қатты ренжісіп, дауыс көтеретіндей жағдайға жетсек, бірден сондай күй кешемін. Төсектің астына барып тығылып қалғым келеді", – деп ақтарылды өнер жұлдызы. 
Жұлдыздың анасы балаларымен бірге бірнеше рет қашпақ болыпты. Алайда сүйген адамына деген сезімі мен отбасына деген адалдығы оны әрі аттатпаған ұқсайды. 

"Кішкентай кезімде анама: "Кетіп қалайықшы, өтінемін" деп айтатын едім. Мен есімде қараңғы, ай жарқырап тұр, біз пападан қашып барамыз. Анам 1-2 рет кетуге тырысты, бірақ кете алмады. Сүйген шығар?! Ешкімді кінәламаймын, ол – тағдыр. 
Әке-шешеме алғыс білдіремін. Денім сау, аяқ-қолым бар, әдемі деп айтатындай келбетіме рақмет айтамын. Өткен іс өтті. Қазір әкемді жамандауға да аузым бармайды, себебі әкем ол – әкем. 
Әкем бізге жаман сөз айтып немесе ұрған кезі болған емес. 13 жасыма дейін әкемнің жанында өстім", – дейді Өмірғали.
Жұлдыз 17 жасында студент атанып, алғаш үлкен қалаға жалғыз келгенін айтады. 1-курсты бітірген соң, інісі оқуға түсіп, оны өз қарауына алған. Алайда өзі де жас болғандықтан, талай қиналғанын, сол шақта анасына ренжігенін жасырмайды. 


Жұлдыз Өмірғали: Інім екеумізді неге тастап кетті екен деп анама ренжимін


"Времянка жалдап тұрған кезіміз болды. Сонда дене қызуым 40 градусқа дейін көтеріліп, бір "парацетамолға" жете алмай жатқанда анама ренжитінмін. "Неге менің қасымда емессің? Неге бізге қарамадың?" дегендей... Қазір түсінемін, ол жақта басқа отбасы бар, ол жақта оның сөзі өтпеуі мүмкін", – деді Жұлдыз.
Ол анасын толық кешіре алмағанын мойындады. Уақыт өте келе кездесіп, сөйлескенімен, әлі де өкпесі бар екенін жасырмады. Бір жағынан, әйел ретінде түсінетінін де айтып қалды. 

"Анамның да жағдайын түсінуге болады. Қаншама қиындық көрді. Қаншама түнді жылап өткізді. Толықтай кешірдім десек, өтірік айтқан боламын. Себебі түрткі болып, қандай да әңгіме басталып кетсе, "сіз осылай жасадыңыз" деп айтып қаламын", – дейді Жұлдыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста