Айжан Байзақова алғаш рет әкесін көрсетті (фото)
Желіде ерсі әрекеттері мен ашық образдарымен танылған Айжан Байзақова алғаш рет қалың көпшілікке әкесін көрсетті. Атышулы блогер отбасылық мұрағаттағы суретімен бөлісіп, көпшілікті тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айжан Байзақова асқар тауы әкесімен түскен бала күнгі суретін Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жариялаған.
Жас ана оны халықаралық әкелер күнімен ерекше құттықтаған. Фотода кішкентай Айжанды әкесі көтеріп тұрғанын көруге болады.
Бұған дейін атышулы блогер еш жерде әкесін көрсетпеген болатын. Ал Байзақованың анасы бүгінде елден жасырынуды қойған. Ол қызынан қалыспай, желіде блогер болып алды.
Келіншек желіде өміріндегі қызықтарымен бөлісіп, өз ақыл-кеңестерін айтып отырады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айжан Байзақова элиталық ауданнан 80 миллион теңгеге жаңа пәтер сатып алды. Атышулы блогер тұрғын-үй кешенінің жағдайының тамаша екенін, тіпті көршілерінің көбісі таныстары болып шыққанын сөз етті.
Оған қоса, Байзақова ұлының әкесін әлі де жасырып келеді. Ол сүйіктісін көрсетпегенімен, ол жайында мәліметтермен бөлісіп тұрады. Блогер ару ғашығы көпшілік ойлағандай "бай шал" емес екенін кесіп айтты. Сөзінше, ол қарапайым жігіт.