«Айтұмар» ән шырқайды

«Айтұмар» ән шырқайды

Бүгін кешкі сағат  19:00-де Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Ару–Ана» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Айтұмар» тобының шығармашылық концерті өтеді.


Қазақ ән өнеріне өзіндік үнімен қызмет етіп жүрген қос талант – Елнұр Нұрқожаева мен Жадыра Қанапиянова бүгінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика универ­ситетінің қызметкерлері. Еліне әннен шашу шашып жүрген екі қыздың өнердегі жолы­на демеу болып, үлкен сахналардан көрі­нуіне мүмкіндіктер жасап жүрген жан – ұлт руханиятының жанашыры, белгілі продю­сер Сара Шаяхметқызы. Талантты қыздар­дың репертуарында қазақтың ха­лық әнде­рінен бастап бүгінгі компози­торлардың туындылары бар. Ән кешіне Роза Рымбае­ва, Айгүл Үлкенбаева, Алтынай Жора­бае­ва, Бану Тұрғымбаева сынды танымал өнер жұлдыздары қатысады. «Ару ғұмыр – қыз­ғалдақтай қыз ғұмыр» деген атпен өтетін кеш барысында сондай-ақ биші Бану Тұрғынбаева, Алматы облысы, Ала­көл ауданынан шақырылған «Екпінді ақ әжелер» ансамблі шақырылған.
Газетіміздің алдағы сандарында осы концертті ұйымдастырушы, «Ару – Ана» про­дюсерлік орталығының жетекшісі, ҚР Мә­де­ниет қайраткері Сара Шаяхметқызы­мен болатын келелі сұхбат оқи аласыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста