"Айтуға тілің бармайды": Қуандық Рахымның танымал әні қатаң сынға ілікті (видео)

"Айтуға тілің бармайды": Қуандық Рахымның танымал әні қатаң сынға ілікті (видео)

Елімізге жаңадан танылған жас әнші Қуандық Рахым сынға ұшырады. Оның патриоттық әні көптің көңілінен шықпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Қоғамдағы түрлі мәселелер жайлы өз ойымен бөлісіп отыратын Facebook қолданушысы Бақытжан Бұқарбай жас әншіні сынап тастаған.

"Қазақ болып тумағанда не етер ем?" деген ән соңғы кезде жиі естілетін болды. Қабылдай алмадым. Логикасы жоқ дүние.
Қазақ болып тумағанда ол туралы мүлдем білмес едім. Сондықтан маған бәрібір болушы еді.

Ал өзге ұлт болып туғанымда: "Әттең, бекер орыс, неміс, араб болып тудым. Қазақ болып дүниеге келу керек едім" деп ойламас едім.

Нағыз арзан, тіпті жалған патриотизм, абсурд пен трендизмге толы сананы улайтын бірдеңе. Шығарма деп айтуға тілің бармайды екен.

Әннің мәтініне сай, қаның, түрің, тілің қазақ болса, қазақ екенсің. Айдан анық нәрсе ғой. Мұны жырлаудың қажеті қанша?
Екіншіден, өзің таңдамаған нәрсе үшін шамадан тыс мақтана беру - кертартпалық пен боскеуделіктің көрінісі сияқты. Осындай шала-пала нәрселердің аудиторияның сұранысында жүргені өкінішті-ақ.

Одан гөрі, "Әй, қазақ, неменеңе масаттанып тойынып жүрсің? Жетер енді! Шайылу алдында тұрғанда адамзатқа беріп жатқан пайдаң қандай?" деп тыңдарманның үстіне мұздай су шашқандай әсер беретін әндер болса ғой", - деп жазады ол.
Бақытжан Бұқарбайдың бұл сынына танымал журналист Есенгүл Кәпқызы да қосылатынын мәлімдеді.

"Рас, мен де қабылдай алмадым. Біз балалық аурудан өтіп, даналыққа қадам басуымыз керек. Бұның бәрі абсурд. Өзге бірде бір ұлт "мен сондаймын" деп кеуде кермей-ақ дамыған елдердің алдында жүр", - деп өз пікірін қосты. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста