Айтматов мерейтойын ай бойы тойлаймыз

Айтматов мерейтойын ай бойы тойлаймыз

Алатаудың арғы бетіндегі айыр қалпақты ағайындар Астанаға ат басын бұрды. Қырғыздың әлем таныған заңғар жазушысы, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдық мерейтойына орайластырып ұйымдастырылған Қырғызстан мәдениетінің Астанадағы күндері келер айдың 21-іне дейін Алматы, Тараз, Шымкент шаһарларында жалғасатын болады.
Елорданың Бейбітшілік және келісім са­райында салтанатпен басталған Қыр­ғыз­стан өнерпаздарының концертінен бөлек, қырғыз суретшілерінің еңбектері топ­тастырылған «Таулар құлағанда» атты бүгінгі заманғы көрменің де тұсауы кесілді. Көркемөнер көрмесіне кескіндеме, графи­ка, шағын пластика мен декоративтік-қол­данбалы өнер туындылары ұсынылып отыр. Сондай-ақ әлем таныған Ш.Айтма­товтың айтулы мерейтойына орай, Аста­на­дағы Ұлттық академиялық кітапханада қыр­ғыз бен қазақ зиялылары да бас қосты. Бұдан бөлек, «Еуразия-2013» деп атала­тын халықаралық кинофестивальда қыр­ғыз киносының апталығы өтпек.
Қырғызстан өнерпаздарының Астана­да­ғы концертінің шымылдығы «Манас» жы­ры­мен түріліп, Тоқтағұл Сатылғанов атын­да­ғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Ке­рім Тұрапов, қырғыз ұлттық фи­лар­мо­ния­сы­ның орындаушылары Ел­нұр Самар­беко­ва, Ұлан Қашқынәлиев, Асхат Мұса­бе­ков сын­ды өнерпаздар әуе­лет­кен ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасты.
Осыдан бірер ай бұрын Қырғызстан ас­та­насында қазақ мәдениетінің күндері бастау алған-тын. Бішкектегі Г.Әйтиев атын­дағы бейнелеу мұражайында қазақ суретшілерінің көрмесі ашылып, «Ғасыр­лар тоғысында» атты қазақ қылқалам ше­бер­лерінің туындылары топтасқан көрме ұйымдастырылған еді. Онда мемлекеттік өнер мұражайы коллекциясынан өткен ға­сырдың орта тұсынан қазіргі кезеңге дейін салынған 42 кескіндеме туынды ұсыныл­ған болатын.
Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, ҚР мәдениет және ақпарат министрі:
– Қазақ пен қырғыз арасында қа­рым-қатынас саяси тұрғыдан бөлек эко­номикалық және рухани жағынан жоға­ры деңгейде қарқынды дамып келе жатыр. Қырғыз халқының арғы-бергі тарихында қазақтай оған жақын халық жоқ. Бүгінгі мәдени шараның Ас­тана­дан бастау алуы – соның көріні­сі. Көр­ші­лес елдің басындағы қиын да күрделі кезең­дерде кеңпейілмен көмек қолын созған Қазақстан Президенті еді. Бір айға ұла­сатын Қырғызстанның Қа­зақ­стан­дағы мәдени күндері де Елба­сы­ның қолдауы негізінде жүзеге асып отыр.

Сұлтан РАЕВ, Қырғызстан Республикасының мәдениет министрі:
– Қырғыздың қиын тарихында қазақ бауырлар құстың қос қанатын­дай, тонның ішкі бауындай қайғысы мен қуанышы ортақ халық ретінде бір­ге жасап келе жатыр. Біз ертеден «қа­ра­ғым – қазақ, шырағым – қырғыз» деп айтамыз. Осы ретте көкірек толған жырымыз бен егіздей болған елімізден ең талантты өнерпаздар еңселі Аста­на­ға аялдап отыр. Атақты Шыңғыс Айт­матов айтқандай, «екі мемлекет – бір ұлықпыз». Ел мәдениетін одан әрі таныту үшін бізге демеу берген Қазақ­стан Президентіне алғысымыз шексіз. Бұдан әрі қарай мәдени байланысы­мыз одан әрі нығая береді деген се­німдемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста