Айтар алғысым шексіз!

Айтар алғысым шексіз!

Ең әуелі – «барлық мақтау, мадақ, жоқтан бар жасаушы, жаратқан ием – Алла тағала» - деп бастап, он екі мүшем түгел, денім сау, бақытты өмір сүріп жүргеніме және Қазақстан деген Отаным барына Аллаға шексіз шүкіршілік етемін! Яғни өмір сыйлаған Алла тағалама алғысым шексіз. Дүниеге әкелген Ата – Анама рахмет, айналайын әке – шешем 100 жасаса екен! Аға бауырларыма, іні – қарындастарыма және ағайын туыстарыма рахмет. Өмірлік серігім, құдай қосқан жұбайыма рахмет. Екі көзімнің қарашығындай болған ұл – қызыма рахмет. Екеуін де жанымдай жақсы көремін. Оларға бақытты да ұзақ ғұмыр тілеймін. Адал достарыма, қызметтес әріптестеріме рахмет. Еліме, жеріме, Отаныма рахмет. Жер жанаты – Жетісуға рахмет! Осы жердің халқына мені бір ұлындай қабылдағанына рахмет! Осы өңірден өткен әулиелерге рахмет! Әрине, алғыс айтатын адамдарым көп менің. Оның бәрін тізбектеп жаза берсем, уақыт жетпейді. Оларға деген менің махаббатым, достығым, қарым-қатынасым, сыйластығым араласуымның арқасында деп түсінемін. Сол араласудың арқасында оларға деген ризашылығым артуда.
Бүгінгі Алғыс айту күнінде олардың біразына ерекше ықыласымды білдіргім келеді. Жоғарыда айтқандай, менің құдай берген бір ұл, бір қызым бар. Қызым Жәмилә дүниеге келген күннен бастап, қыз баланың әке үшін аса ерекше екенін түсіне бастадым. Әке мен қыз арасындағы махаббаттың теңеу жетпейтін шексіз екендігін сезіндім. Анасы екеуіміз оны алақанымызда аялап, ата – баба салт дәстүрімен өсіріп келеміз. Кішкентайынан балабақшаға барды, мектеп табалдырығын аттады. Балабақшада да, бастауыш мектепте де барлық үйірмелерге қатысып, домбыра тартып, би үйренді. Оқуын үздік оқыды, қатарының алды болды, оқығанын тез қабылдап, өлең – дастандарды да тез жаттап алатын болды. Мектептегі, аудан және қаладағы қоғамдық шараларға белсене қатысты, ұйымдастыру қабілеті де мол болды. Бұған дейін ауру-сырқау, тұмау дегенді білмейтін, көз алдымызда шауып-шапқылап жүрген қызым, он жасында кенеттен қатты ауырып қалды. Сол ауырған кезден бастап, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Алғашында көзі айқасып, қабағы түсіп кетіп, тез шаршағаннан, жатып қалатын болды. Ол кезде Алматыдағы барлық емханаларды араладық. Алматының Ақсай балалар ауруханасында, Көз аурулар институтында, Коновалов орталығында көптеген дәрігерлер қарап, диагнозын қоя алмады. Одан кейін Астанадағы Нейрохирургиялық институтқа барып бір айдай емделдік. Одан ешқандай нәтиже шықпаған соң Мәскеуге барып, Бурденко, Гете институттарында бірнеше профессор – дәрігерлерге қаралдық. Мәскеуде де диагнозын қоя алмады. Оның себебі біз өз маман – дәрігеріне барып, қаралмағандікі шығар. 2011 жылдың қаңтар айында қызымның ауруы асқына бастаған соң Астанадағы Республикалық ғылыми-клиникалық Орталықтың бас дәрігері Абай Қабатайұлы Багенжиннен көмек сұрадым. Абай ағамыз бір сөзге келмей, өзінің қарамағындағы барлық дәрігерлерді жинап, консилиум өткізді. Осы Орталықта, консилиумнан кейін Жәмиләға «бұлшық еттер әлсіздігі – миостения» диагнозы қойылып, нәтижелі және қажетті ем қабылдай бастады. Сол кезде тамаша дәрігер, өз ісінің білікті маманы, профессор Алмагүл Сейдуәліқызы Жүсіповамен таныстық. Ол Жәмиләны емдеді. Ауруы асқынған сәттерде Жәмилә жансақтау бөліміне жиі түсіп тұратын, сол қиын сәттерде Алмагүл Сейдуәліқызы күн-түн демей қызымның жанында болды. Төрт жыл бойы кәсіби, дәрігерлік көмек көрсетті. Диагноз қойылған соң Израиль мемлекетінің Тель-Авив қаласындағы «Шиба» емханасының дәрігерлеріне де қаралып қайттық. Олар баланың диагнозын растады. Қазақстан дәрігерлерінің емдеу тәсілін дұрыс деп тауып, жарты жыл иммунитет көтеретін дәрі қабылдауды ұсынды. Нәтиже болмаған жағдайда химиятерапия жасау керектігін айтты. Елге оралған соң сол тәсіл бойынша емдедік, бірақ қызымның денсаулығы тек уақытша ғана жақсарды. Зымыраған уақыт өткен сайын қызымның ауруы асқына түсті. Израильдік дәрігерлердің айтуынша химиятерапия алуымыз керек еді. Оған қызымды қимадық, бір Аллаға үміт артып, баланың жас ағзасы өсе келе өзгеріске ұшырап, жазылатынына сендік. Қазір қызым Алматы, Талдықорған қаласы дәрігерлерінің қарауында. Ота жасағаннан кейін екі жыл ішінде ауруынан мүлдем айығып, құлан таза жазылып кететініне анасы екеуміз кәміл сенеміз.
2014 жылы тамыз айында Оңтүстік Кореядағы Сеул медициналық университетінің дәрігерлерімен бірге қызыма ота жасап, аяғынан тік тұрғызды. Сол үшін мен емі шипалы, біліктілігі жоғары Алмагүл Сейдуәліқызы Жүсіповаға және де сол кісі арқылы барлық Астана, Алматы және Талдықорған дәрігерлеріне шексіз ілтипатпен алғысымды білдіремін. Осындай келешегі зор, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде өмір сүріп жатқаныма шексіз қуанамын! Еліміздің «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» бағдарламалары барына, соның арқасында тегін дәрігерлік көмек алғанымызға, шетелдік жаңа технологиялардың енгізілгендігіне, шетелдік мамандар шақырылып, тәжірибе алмаса алатындығымызға шүкіршілік етеміз. Осындай жан-жақты көмек болмағанда менің қызымның жағдайы әлде қандай болар еді. Әрине, достарыма да деген алғысым шексіз. Өткен бес жыл аралығында, әсіресе қиын кездерде біздің қасымызда достарымыз болды. Олар бізден моральдік және материалдық көмектерін аямады. Осы орайда Қайрат пен Гүлнар арқылы барлық достарыма алғысымды білдіремін. Нұрлан ағам мен Жанна жеңгеме алғысымыз ерекше, олар арқылы барлық ағайындарыма көп рахмет! «Көп тілеуі – көл», – дегендей әке-шешемнің дұға, батасымен және ағайын-туыс, достарымның тілегінің арқасында, Алланың қолдауымен Жәмилә қызым жазылып, қатарына қосылып, Талдықорған қаласына көшкелі бері мектепке де барып жүр.
Бұл Алланың берген бір сынағы шығар, қызымның сол ауыр сынақтан аман-сау өткеніне шүкіршілік тәубе! Осы мақаланы жазуға түрткі болған еліміздегі алғаш аталып өткен 1 наурыз – алғыс айту күні. Ата – баба салт-дәстүрі бойынша көктемнің алғашқы айында тамаша мерекелер көп, оның ішінде төл мерекеміз – Наурыз, Аналар күні, көрісуде бар. Осы мерекелер айында сөзім, ісім, қөзқарасыммен ренжіткендерімнен кешірім сұрай отырып барлықтарыңызға айтар алғысым шексіз! Ел аман, жұрт тыныш болсын. Көктемгі мерекелеріңіз құтты болсын! – дей отырып, алғысымның соңын мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Өмір деген – пенделерге ұлысың,
Аллам берсін ақ пейілге оңды ісін.
Сонда ғана тілегіңе жетерсің,
Қиналғанда достар берер қол ұшын.

Жаратқанның құдыреті, жолы-шын,
Аман болсын ақ жолдағы ұлысым.
Хақ Тағала дерт-сырқаттан сырт қылып,
Мұңсыз болсын, достарым мен туысым.
Сау болсыншы ұрпақтарым, отбасым,
Мейірімді Аллам отанымды сақтасын!

Бахтияр Өнербаев
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста