Айсәуле Бақытбек: Мен секс сабақтарын алғам (видео)
Өзінің желідегі жазбасында халыққа аборт деген өліммен тең екендігін айтып, сақтандыруды үйренуге шақырған Айсәуле Бақытбек осы жолы бұл жазбасы туралы толығырақ айта кетті.
Бұл және өзге де қызықты мәселелерді Айсәуле Гәкку арнасының «Шыны керек» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
Айсәуле секс сабақтарын Америкада оқығандығын айтып, дәл сондай пәнді Қазақстанда да болғандығын қалайтынын сөз етті.
«Қазақстанда кәмелетке толмаған қыздар жүкті болып, аборт жасатып жатқан оқиғалар аз емес. Ерте жастан бастап ата-аналары қыздарымен осы мәселе жайлы сөз қозғап, сақтандыруды да түсіндіргендігі жөн. Ал, ұлдардың ата-анасы осындай жағдайға барғаннан кейін, мойнына жауакершілікті алуды үйренкендігі дұрыс.
Менімен бұл мәселе бойынша анам сөйлескен.
Және мен мұны дұрыс деп санаймын. Мен тіпті Америкада осыған байланысты сабақ та алғанмын. Егер біздің елімізде ата-аналар балаларымен осы мәселе бойынша сөйлесуден қысылса, онда мектепте үйреткендігі жөн», деп өз ойын білдірді Баян Алагөзованың қызы.