Қазақ шоу-бизнесіндегі ең әдемі жұптардың бірі Бүркіт пен Аишаның отбасында үлкен қуаныш. Жұптары жарасқан жұбайлар екінші сәбилерінің дүниеге келуін күтуде. Естеріңізде болса "Алаш айнасы" Аишаның жүкті екені байқалатын суреттерін жариялаған болатын. Бүркітің әлеуметтік желілерге жариялаған суреттерін көрген жұртта бірден "Аишаның аяғы ауыр ма" деген сұрақ туған еді. Оқырмандардың қатты қызығушылық танытқанына қарамастан Бүркіт пен Аиша бұл қуанышты жаңалықтарын жариялауға асыққан жоқ. Жақында белгілі дизайнер Аида Қауменова әлеуметтік желі арқылы Аишаның жүкті екенін, енді оған өзінің тіккен киімдері бұрынғыдан да керемет жарасатынын айтып, көппшлікке жар салды.
Жақында Бүркіт пен Аиша отбасы құрғандарына 5 жыл толуын атап өткен болатын. 2013 жылы бақытты отбасында Зейін атты ер бала дүниеге келді.