Жақында аспан асты елінде тұратын отандастарымызға концерт беріп келген Айқын Төлепберген Қытайға деген сағынышын баса алмай жүрген сияқты. Осыдан бір апта бұрын қазақтар үшін Пекинде алғаш рет (мерекелік шараларды қоспағанда) концерт ұйымдастырылды. Сол кеште өнерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген Айқын оларға деген алғысын білдіріп, алған әсері туралы инстаграмда бөліскен болатын. Қытайдың бірнеше қаласына табан тіреген өнер иесі «мен» деген орындарға бас сұғып, ерекше ғимараттарды аралаған. Қытайдың қызықты жерлері Айқынды өзіне баурап алған болу керек, өнер иесі әрбір басқан қадамын суретке түсіруден шаршамаған. Ең қызығы, Айқын енді Қытайдың «Вейбо» сайтына тіркеліп, ресми парақшасын ашып үлгеріпті. Твиттерге ұқсас әлеуметтік желіге тіркелуінің себебі, сол жақтағы қазақтарға ақпарат беру мақсатында болу керек. Алайда, желідегі достары Айқынның бар ойы Қытай болып кетіпті, сол жақтың азаматы болғысы келіп жүр-ау деген пікірлер қалдырған.
comode.kz
Айқын Төлепберген Қытайдан виртуалды достар тапты
Последние статьи автора