Айқын Төлепберген өзі армандаған үйді тұрғыза бастады. Әнші қуанышты жаңалығымен Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ал биссимиллях! Армандаған үйімді сала бастадым. Арматура, бетон, жалпы құрылыс материалдарын аламын. Құрылыстың қалай өтіп жатқаны қызық болса, сіздерге коммент қалдырыңыз. Бәрін көрсетемін. Бұл да бір мен үшін жақсы контент болатын болды. Жалпы құрылыс туралы көп әңгіме айтамын", - деді ол.
Айта кетейік, әншілер арасында тұратын үйін өзі салып жатқандар жетерлік. Мәселен, Абай Бегей карантин басталған кезде үй құрылысын бастағанын айтты. Ол құрылыс жұмыстарының жақында аяқталатынын жеткізді.
Сондай-ақ, әнші Бүркіт те екіқабатты зәулім үйін 2011-2014 жылдары салған. Өнер иесінің үйі Көк-Төбеде орналасқан. Қазіргі уақытта ол үйінің жанынан тағы бір салу үстінде. Әнші екінші үйін келетін қонақтарға арнамақ.