Айнұр Тұрсынбаева жас көрінудің құпиясымен бөлісті

Бүгінде жұлдыздардың инстаграм парақшалары арқылы олардың табынушылары сұрақ қойып, жауап алып, тіпті түрлі құпияларымен бөлісуде. Өзінің оқырмандарымен жиі жиі суреттерімен, құпияларымен бөлісіп тұратын жүлдыздардың бірі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева. Жақында ақын оқырмандарымен өз ойымен бөлісті. Өзінің инста парақшасында ақын былай деп жазба қалдырыпты.


«Маған бiр танысым айтатын едi. «Телефонмен бiреумен ұрысып қалсаң сол адамның номерiн, жазған хаттарын өшiрiп таста, жаман негатив сақталып қалады» деп... Жалпы кез келген заттың энергиясы бар. Келiсесiздер ғой? Мысалы қорқынышты видеоны көрсеңiз көпке дейiн қорқып жүресiз. Қан-жоса болған сурет көрсеңiз не болса соған шошып, есiңiзге тек жамандықтар түсiп мазаңыз қашады. Яғни суреттiң ауыр энергиясы сiзде тұр. Көп уайым, қорқыныш күйзелiске әкеледi. Ғалымдар рактың шығу себебiн 70-80%-ы күйзелiстен, ауыр энергия, денеде негативтiң көп сақталуынан деп тапқан екен. Тазалауды ең алдымен телефоннан бастаңыз! Фото, видеоның iшiнде ең көңiлдi, жағымдысын алып қалыңыз. Қанша қимасаңыз да жүректi ауыртатын естелiктердi өшiрiп тастаңыз. Өткен iске орала бермеңiз, дым пайдасы жоқ! Бекерге жүрегiңiздi ауырта бермей өзiңiздi сақтаңыз. Қиналып, әбiржiп жүрген адамға кетiп қалған адам бәрiбiр қайтып келмейдi. Керiсiнше жасарып, жайнап жүрсеңiз көп адамды өкiндiресiз. Бақытсыз махаббатты баяндайтын жылаңқы әндердi өшiрiп тастаңыз. Әннен де жаман негатив таралатынын ұмытпаңыз! Құран тыңдаңыз, жүрегiңiз тынышталады. Ән тыңдағыңыз келiп шыдай алмай бара жатсаңыз Отан, туған жер туралы позитивтi әуендердi жүктеп алыңыз.. Керемет энергияның қайнар көзi - сәби, бала! Кез келген баланы құшақтап сүюден, еркелетiп ойнаудан бас тартпаңыз. Ең бастысы Аллаh тағала адам баласына көтере алмайтын сынақ бермейдi, осы есiңiзде болсын! Кез келген қиындықтан шығу өз қолыңызда. Позитивтi болайық достар! Осы сурет арқылы жылы энергия алыңыздар.. ☺️ Күн көңiлдi өтсiн!»
Әнші мұндай ой-пікірлерімен жиі бөлісіп жатады. Соңғы кездері жасарып, жайнай түскен ақынның басты артықшылығы осы бір ойларында шығар. Оқырманға пайдасы тисін дейміз!

Алаш айнасы 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста