«Аймақты әнмен тербетіп...»

«Аймақты әнмен тербетіп...»

Дәл осындай атаумен Ақтөбе облысындағы Ырғыз өңірінің әнмен тербеліп келе жатқанына биыл тура – 15 жыл. 15 жыл бойы осы сахнада ұлттық өнерді бойына серік еткен жас өнерпаздар бабамыздан қалған мұраларды насихаттап келеді.
Өкінішке қарай, мұндай ән байқаулары өзге аймақтарда да басталып, түрлі себептерге орай жалғасын таппай қалған. Салған сүрлеуі жыл өткен сайын соқпақты жолға айналған ұлттық өнердің жалғасы тек Ырғыз ауданындағы өнер жанашыр­ларының арқасында ғана сақталып келеді. Биылғы шараны ұйымдастыру үшін де аудан бюджетінен 1 млн 800 теңге қаржы қарастырылыпты.
Ән кешіне тек Ақтөбе облысының аудандарынан ғана емес, көрші Сыр өңірі­нің де өнерпаздары үзбей қатысып жүр. Дәстүрлі ән байқауына биыл облыстың Шалқар, Әйтеке би, Хромтау, Мәртөк, Ырғыз аудандары мен Қазалы, Арал қалаларынан үміткерлер қатысты. Екі күнге созылған ән кешінде қара домбыраның қос шанағынан күмбірлеген күйлер төгіліп, ел мен жер туралы даңқты әндер әуеледі. Сахна шымылдығы Тынышбай Дәуреннің орындауындағы Батырхан Шүкеновтің «Отан-ана» әнімен ашылды. Үміткерлердің деңгейін бағалауда облыстық, аудандық мәдениет саласының қызметкерлері мен өнер жанашырлары әділқазылық етті. Бірі ән салып, бірі термелеткен, енді бірі кең даланы күйімен толқытқан дүбірлі додадан жиналғандар үлкен ләззат алып қайтты. Өз өнерлерін көрермен назарына барын сала ұсына білген өнерпаздар да фестивальдың өміршеңдігін тілге тиек етіп жатты.
Ұлтын, ұлтының өнерін сүйген азамат­тар өзіндік стилі бар осынау өнер байқауын бұдан кейін де жалғастыра беретінін айтады. Үш жанр бойынша 1-орынға – 50 мың, 2-орынға – 30 мың, ал үшінші орын­ды иеленгендерге 20 мың теңгеден сыйақы тағайындалды. Сайыс қорытындысы бо­йын­ша бас жүлде сахна иелерінің қанжы­ғаларында қалды. Гран-при жүлдесіне ті­гіл­­ген ақшалай 100 мың теңгені қанжыға­сы­на байлаған 20 жасар Шолпан Отара­ли­на – Ырғыз топырағының тумасы. Екі күндік өнер бәйгесінде сарапқа салынған жүл­делердің жеңімпаздары төмендегі тізім бойынша өрілді.
Эстрадалық әндер жанрында 1-орын  қазалылық Айнұр Опабекованың қанжы­ғасына байланса, 2-орын да оның жерлесі  Ешнияз Жарылқасынға бұйырды. Ал 3-орынды Мәртөк ауданынан келген Әділ­бек Мұқанов місе тұтты.
Терме жанрының 1-орын жүлдесін Арал­дан келген арқалы жыршы Болатбек Тәңірбергенов жеңіп алды. Осы жанрдың 2-орынға тігілген жүлдесін Шалқар ауда­ны­ның өнерпазы Саламат Ермағамбет олжалады. Ал хромтаулық Естай Өтеулиев 3-орынға табан тіреді.
Басқа халықтарда кездесе бермейтін ғажайып өнер туындыларының тағы бір терең түрі – күй өнері. Осы салада бақтарын сынауға келген үміткерлер де киелі өнердің қасиетін көрермендерге ұсына білді. Махаббаттың мұңы мен зарының жаршы­сы, «Саржайлаудың» жасыл жазирасы, «Сылқылдақтың» бұраңбел бойжеткені бола білген күйдің құдіретін бүгінгі байқау тағы бір ұқтырғандай болды. Мұндағы 1-орын Арал ауданынан үмітін үкілеп келген Үкітай Ерниязовқа бұйырды. Бұл жүлде бүгін-ертең күй саласының білікті маманы болуды армандап отырған студент өреннің оң жамбасына дәл келгендей бол­ды. Ал 2-3 орындарды ырғыздық күйшілер өзара бөлісті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста