Танымал отандық тележүргізуші Айгүл Мүкей күйеуі туралы айтып, көпшілікті таңғалдырды. Жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын белгілі журналист желідегі жазбасы арқылы баласының әкесімен бірге тұратынын растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айгүл Мүкей жолдасы туралы Instagram парақшасында айтып өтті. Ол тұңғыш баласын күйеуі екеуі ортасына алып жататынын да жеткізді.
"Қайырлы таң. Мені мына тәтті аяқтар оятып жіберді. Әкеміз таң атысымен кетіп қалды. Бұл дегеніміз, төсекте екінші жақты қоршап тұратын адам жоқ екенін білдіреді. Сол себепі, мұқият қарап, баламның аяғын сүйіп жатырмын", - деп жазды тележүргізуші.