Айгүл Иманбаева шығармашылық студиясын ашты

"Дағдарыс кезеңі жаңа бастама, тың идеялар керек" дейді белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева. Еңбекке құштар қарапайым адамдар да, өнер жұлдыздары да дәл осындай кездерде өзінің жеке кәсібін ашатыны да заңдылық.  Шоу-бизнес пен "А.И" театрын қатардан қалмай қоса алып жүрген  Айгүл Иманбаева енді жас жеткіншектерге, талабы бар жас дарындарға арнап өзінің шығармашылық орталығын ашты. 

2 желтоқсан күні Айгүл Иманбаеваның жаңа орталығы ресми түрде ашылды. Бұл туралы  актриса өзінің инста парақшасында жариялады.

Орталықтың ашылу салтанатына Дулат Исабеков,  Толымбек Әлімбекұлы, Есімм Сегізбаев, Роза Рымбаева,  Мұрат Әбзелбаев, Тасболат Омаров, Ринат Білібаев,  Азамат Сатыбалды, Әли Оқапов, Асылхан Төлепов, Ринат Заитов, Әсет Иманғалиұлы, Айгүл Бажанова,Ермек Елгезеков секілді Айгүлдің өнердегі аға-әпкелері, аға-бауырлары, достары қатысты.  

Айгүлдің шығармашылық және даму орталығы оның аты және тегінің бастапқы әріптерінен құралып, AI-STUDIO деп аталады. AI-STUDIO Алматы қаласында орналасқан. Ол жерде балалар келесі бағыттар бойынша білім ала алады:

сахна және актер шеберлігі
вокал және музыка сабақтары
хореография
изостудия
спорт сабақтары
мектепке дейінгі дайындық
қосымша сабақтар
менталды арифметика
тілдік курстар
логика
риторика
Одан басқа, орталықта логопед пен психолог мамандар да жұмыс істейді. Ал болашақ әншілер мен жарнамаға тапсырсы берушілер үшін дыбыс жазу студиясы бар.

Айнұр Сенбаева 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста