"Евровидение 2014" байқауының жеңімпазы, атышуы транссексуал Кончита Вурсттың СПИД-ке шалдыққаны мәлім болды деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әнші мұндай жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Белгілі болғандай, транссексуалдың СПИД-ке шалдыққаны жайлы ақпаратты көпшілікке алғашқыларды бірі болып, өзінің бұрынғы "сүйіктісі" мәлімдегісі келген екен.
Алайда ол оның алдын орап, СПИД-ке шалдыққанын өзі бірінші болып жариялаған. Айтуынша, ол бұл дертпен бірнеше жыл қатарынан күресіп келеді екен.
"Ешкімнің мені осындай жолмен қорқытуға құқығы жоқ",-деп жазба қалдырған әнші.
Айта кетейік, 30 жастағы Том Нойвирт "Евровидение" байқауын 2014 жылы Копенгагенде жеңіп алған еді. Сол жолы ол сахнаға ұзын көйлек, қара сақалмен шығып, көпшілікті таң қалдырған еді.