Әйелі 16 жыл бұрын қайтыс болған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

Әйелі 16 жыл бұрын қайтыс болған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

Айтыскер ақын әрі депутат Аманжол Әлтаев "Хабар" арнасындағы "Алғашқы" жобасында қонақ болып, әйелі көз жұмған соң, ешкімге үйленбегенін жеткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ақынның балалары да, қайын жұрты да оның үйленуіне қарсы емес.

"Менің өз отбасым бар, Алтынай мен Ақжолтайдың да өз отбасы болады, бұйырса. Папам жалғыз қалмаса деген тілегім бар", - деді ақынның үлкен қызы Шахзада.

 

Аманжол Әлтаевтың қайын атасы мен енесі де оның қайта үйленуіне рұқсатын берген. Бірақ айтыскер ақын әлі күнге дейін өзінің жары сияқты адамның кездеспегенін айтты.

 

"Әркімнің өз тағдыры болады. Біз секілді өнер адамының халық алдындағы өмірі мен жеке тағдыры бар. Дәл Ақмаралдай адамды кездестірмедім. Ондай табу қиын шығар. Тура Ақмарал қайталанып, менің алдыма келмейтін шығар. Бұл - менің жеке өмірім. Айналамнан, балаларым, ата-енем тарапынан қарсылық көріп отырғам жоқ. Жеке тағдырым болған соң, шешім өзімде болсын", - деді Әлтаев.

 

 

Айта кетелік, Аманжол Әлтаевтың жұбайы Ақмарал кішкентай қызымен бірге жол апатына түсіп, 2007 жылы қайтыс болған. Бүгінде ақын екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста