«Әйел бақытына жетпедім»: Динара Сәтжан жеке өмірі жайлы сырын айтты

Мен әлі екінші жартымды кездестірмедім немесе кездестірсем де, жоғалтып алдым деп ойлаймын.

Динара Сәтжан бизнесте, қызметте табысқа жеткенімен, әлі өмірлік бақытын таппағанын айтады. Тележүргізушінің айтуынша, ол жүрегін селт еткізетіндей жанды әлі кездестірмеген. Сәтжан Дана Орманбаеваға берген сұхбатында жеке өмірі жайлы сырын айтты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

"Әйел бақытына жетпедім. Бұл аспектіге келгенде, бос орын тұр. Күн тәртібіме қарасам, жай ғана кездесуге бару үшін 1 сағат артық уақытым жоқ екен. Яғни ол менде басты назарда тұрған жоқ", - деп ағынан жарылды Сәтжан.

Айтуынша, ол адамды бір көргеннен өзіне сай келетін не келмейтінін түсіне алады. Сондықтан орынсыз кездесулерге барып, уақытын жоғалтпайды.

"Бір көргеннен адамға баға беріп, маған сай келетінін, келмейтінін анықтайтын жандардың қатарындамын. Мен әлі екінші жартымды кездестірмедім немесе кездестірсем де, жоғалтып алдым деп ойлаймын. Қазіргі уақытта өзім ұмтылған дүниенің бәрі менде бар. Болашаққа үлкен жоспарым бар. Мансапта, бизнесте не қалайтынымды, балаларым үшін қандай болашақ тілейтінімді нақты білемін. Бірақ әйел бақытын жоспарлай алмайды екенмін, ол менің құзыретімде емес", - дейді тележүргізуші.

Әйтсе де ол жұбы жарасқан ғашықтарға қызыға қарайтынын жасырмай айтты.

"Өз адамыңды кездестіру сондай керемет дүние екенін түсінемін. Жаныңда сүйеу болатындай адамыңның болғаны сондай күшті", - деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста